Көптік жалғауы жалғанбайтын сөздер

1.    Қазіргі таңда «Біз» сөзін «біздер» деп қолданушылар көп. «Біз» онсыз да көптік мағынаға ие. Оған тағы да көптік жалғауын жалғаудың қажеті жоқ.

 
2.    «Көз» сөзі. Бұл сөз де көптік мағынаға ие. Оны «көздер» деудің қажеті жоқ. Себебі қалыптасқан түсінік бойынша екі көз болады.

3.    «Барлық» сөзі. Барлық сөзінде де көптік мағына бар. Қате қолданушылар бұл сөзді «барлықтары» деп айтады. Бұл да &ndash қате. 

4.    «Барша» сөзі. «Баршаларыңызға қайырлы таң!» дегенді жиі естиміз. Бұл да &ndash дұрыс емес. Дұрысы &ndash «Баршаңызға қайырлы таң!».

5.    «Халық, жұрт» сөздеріне көптік жалғауын жалғамаймыз. Бұл сөздер онсыз көптік мағынаға ие. 

6.    «Көптеген, көп» сөздерінен кейін де көптік жалғауын жалғамаймыз. Мысалы, көптеген қалалар, көп адамдар деген дұрыс емес. Дұрысы &ndash көптеген қала, көп адам. 

7.    «Бірнеше, бірталай, талай, біраз, қаншама, әлденеше, бірсыпыра, қыруар, мол, топ, әр түрлі, түрлі» сөздерінен кейін келген сөзге де көптік жалғауын жалғамаймыз. Себебі онсыз да көптік мағынаға ие.

8.    Сөздің алдынан сан есім келгенде де көптік жалғауын жалғамаймыз. Мысалы, он дәптерлер емес, он дәптер немесе жүз отбасылар емес жүз отбасы. Бұл жерде онсыз да саны көрсетіліп тұр, сондықтан көптік жалғаудың қажеті жоқ.

9.    Сөздің алдынан пайыздық көрсеткішті көрсеткен кезде көптік жалғауы жалғанбайды. Мысалы, 55% ұпайлар демейміз, 55% ұпай дегеніміз дұрыс.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста