"Көліктің астында қалған". Балқашта ер адам 8 жастағы баланы қағып кетті

"Көліктің астында қалған". Балқашта ер адам 8 жастағы баланы қағып кетті

Балқашта 63 жастағы ер адам жаяу жүргіншілерге арналған жолмен самокатпен өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы қағып кетті. Бала көліктің астында қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жантүршігерлік кадр әлеуметтік желідегі парақшаларда пайда болды. Оқиға қаладағы Желтоқсан көшесінде болған. Жүргізуші баланы алдымен қағып, артынша бала көліктің астында қалған сәт видеоға түсіп қалған.   


Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Toyota RAV 4 көлігінің 63 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға салдарынан 8 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деді Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен бала жедел жәрдеммен Балқаштағы қалалық ауруханаға жеткізілді. Бірден жансақтау бөліміне түсіп, оған ота жасалды. Балада ми жарақаты мен іш қуысының жарақаты болған.

"Қазір бала реанимация бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдеу амалдары жалғасып жатыр. Баланың жағдайы бірқалыпты. Одан әрі тексерулер жүргізіледі. Компьютерлік томографияның деректері қажет. Сондай-ақ нейрохирургтердің консультациясы қажет болады", - делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста