"Көлік астына түсіп не дәрі ішіп өлгім келді": Қазақстандық бойжеткен қаржы пирамидасына қалай алданғанын айтып берді

Астаналық 24 жастағы Анаргүл Мәнет осыдан үш жыл бұрын QNET қаржы пирамидасының құрбаны болған. Бойжеткен студент кезінде супермаркетте бірге жұмыс істеген құрбысының жарқыраған өміріне қызыққан. Кейін соның жетегімен 2 милллион теңге несие алып, бұл ұйымға қалай кіріп кеткенін байқамай қалған. Отбасы, жақындары теріс айналып, өмірден баз кешіп, қайта аяққа тұрған Анаргүл Stan.kz тілшісіне басынан өткен шытырман оқиғаларымен бөлісті.

Ол қызға жолама...

Студент Анаргүл шәкіртақы аз болғандықтан жыл сайын жаз айында Астана қаласындағы супермаркеттердің бірінде сатушы болып жұмыс істеген. Сол жерде ол әріптес құрбысының өміріндегі өзгерістеріне қызыға бастайды.

“Біз жақын араласпайтынбыз. Тек кейде бірге түстенетінбіз. Ол сатушыдан әкімші қызметіне ауысты. Кейін мен оның бойынан өзгерістерді байқадым. Жұмысқа жарқырап, жайнап келетін болды. Сұрағанымда аптасына 100-200 мың теңге табатын қосымша жұмыс істеп жүргенін жеткізді. Уақыт өткен сайын жағдайы күннен-күнге жақсарып, анасына қымбат телефон әперді. Кейін мен де сол жұмысқа кіргім келетінін айтып, одан басшылығынан сұрауын өтіндім”,- деп еске алды Анаргүл.

Мұны байқаған Анаргүлдің әріптесі “ол қызға жолама” деп талай ескерткен екен. Алайда бойжеткен бұл сөздерді түсінбей, керсінше одан сайын намыстанып, бұл істің қолынан келетінін дәлелдеуге тырысқан.

“Мені бұл жұмысқа алғаш шақырғанда бірдеңе сезгендей аяғым тартпады. Құрбым мені басшылығына айтып қойғанын, өзін ыңғайсыз жағдайда қалдыратынымды ескерткен соң амалсыздан бара салайын деп шештім”,- деп қосты ол. 
Бойжеткен кеңселеріне жеткенінде адамдардан асқан ілтипат пен құрметті байқап, қандай керемет жер деген ойға келеді. Әңгімелесу барысында тәжірибелі мамандар келіп, телефонды қарамауға, бар назарды өздеріне бұруға үгіттеген.

“Өзім бұрын “Avon”, “Mari Key” сияқты желілік маркетингте жұмыс ітегендіктен мұны да соған ұқсаттым. Ішімнен бір затты сату керек екен ғой деп ойладым. Кейін үйдегілермен ақылдасайын дегенімде олар қарсылық танытты. Кез келген жерге жұмысқа тұрарда бірінші сол жердің тәжірибелі маманымен кеңесуім керек екенін айтты. Ал ата-анамның шынымен  мұндай саладан мүлде хабары жоқ еді”,- деді Анаргүл. 

Әңгімелесуден соң ол ойланатынын айтып үйіне қайтады. Өзін осы іске шақырған құрбысы оны жол бойы шығарып салып, түрлі мысалдар айтып, оның миын әбден улаған екен. Осылайша Анаргүл қиялдағы өмірінің шындыққа айналарына сеніп, жұмысқа келісімін берген. 

Қымбат көліктер, жарқыраған өмір, 2 миллион теңге несие

Келесі күні Анаргүлді қымбат көліктермен, салтанатты киінген адамдар күтіп алады.

“Өзімді бірден жоғарғы ортаға түсіп кеткендей сезіндім. Сөйтіп көлік ішінде отырып біраздан соң қайда баратынымызды сұрадым. Олар банкке барамыз деді. Мен шошып, не үшін дегенімде жұмысқа кіру үшін өнімдерін сатып алуым керек екенін айтты. Әрине, ақша керек болды. Олар санамды улап жүріп Forte банкке бардық. Ішімнен несиеге рұқсат бермесе екен деп тілеп тұрдым. Бермеді. Қатты қуандым. Кейін жанымдағылар таныстарына хабарласып, сұрастырып, зейнетақы қорымның тек екі-ақ ай екенін айтты”,- деді Анаргүл.

Дегенмен бойжеткен бұл істен бәрібір сытыла алмады. Банк алдында тұрған кезінде жанындағылар кетіп, орнына Gelendvagen көлігімен тағы бір адам келеді.

“Осындай қымбат көлікті көріп мен бұл жұмысқа одан сайын қызыға түстім. Ішімнен “қандай керемет, егер 24/7 қара жұмыс адамға табыс әкелетін болса, ата-анам баяғыда байымас па еді”, деген ойлар келді. Сөйтіп тәуекел етуге шештім. Маған еуразия мен Kaspi банкі несие берді. Осылайша 2 миллион теңге алып тастаппын”,- деп қосты ол. 
Артымнан 10 адам кіргіздім…

Анаргүлдің өмірі бұдан соң өзгере бастады. Басшылығы оны үйренсін деп таныстырылымдарға апара бастаған. Іс-шараларға қымбат көліктермен тасып, жақсы жерлерден тамақтандырып, қыздың жайлы өмірге қызығушылығын одан әрі арттырған.

“Мұнда мен өз ортамда қанша адаммен араласатынымды тізімдедім. Тіпті өмірде тек бір рет амандасқан жандардың есімдеріне дейін жаза бастадым. Сөйтіп жүріп 10 шақты адамды артымнан кіргіздім. Олардың ішінде достарым мен әпкем болды”,- деді ол. 
Бұл іске үйрене бастаған Анаргүл жанындағыларды тарту үшін сырт келбетін сәндеп, қымбат жерлерге барып, өзіңнің қаншалықты керемет өмір кешіп жүргенін дәлелдеуге тырысады. 

“Олар дінмен, менталитетпен байланыстыра отырып, менің басқаларға жақсы өмір сүруге мүмкіндік беріп жатқанымды миыма сіңірді. Сондықтан ол кезде өзімдікін дұрыс деп түсіндім. Ал маған жол нұсқап, ақыл айтқандарды жек көре бастадым. Маған қарсылардың барлығы мені көре алмайтындай, байығанымды қызғанатындай көрінді”,- деп қосты бойжеткен.

Жездем әпкеммен ажыраспақ болды, әкем менен теріс айналды

Анаргүлдің туысқан әпкесі оның нұсқауымен 1 миллион теңгемен қаржы пирамидасына қосылған. Алайда елде пандемияға байланысты карантин басталып, барлығы онлайн форматқа ауысқан сәтте өзі де әпкесі де қатты қиналыпты. 

“Бұл кезде банктер кез келген адамға несие бермейтін болды. Онлайн адамдарды тарту мүмкін болмай кетті. Сол кезде әпкем мен жездемнің өз жұмыстарында да сәтсіздіктер орын алып, несиелерін өтей алмай қатты қиналды. Кейін маған реніштерін айтып, “бізді неге кіргіздің, көмектесемін деп едің ғой” деп айта бастады”,- деді ол.

Осы оқиға Анаргүлдің қиялда жүрген түйсігін бір оятқандай болыпты.

“Бір күні әпкем хабарласты. Күйеуі ұрып тастапты. Жездем “сенің туысқаның бізді несиеге кіргізді. Алаяқ екенін неге білмегенсің, кет ажырасамыз” деп баласымен бірге төркініне қуып жіберген. Сол кезде “мен не істеп жүрмін?” деген ой келіп, өте жаман күйге түстім. Кейін олардан кешірім сұрап несиелерін өзім төлеп беремін деген қолхат жазып бердім. Осыдан соң қандай ұрыс болсын енесі де жездем де әпкемді жазғырады екен. Тіпті жөргекке ақша жоқ деп маған хабарласқан кездері болды”,- деп есіне алды Анаргүл.  
Құрбан болған Анаргүлдің сөзінше осы оқиғадан соң барлық туысқандары оған қарсы шыққан. Тіпті кішкентай бауырларының өзі неше түрлі сөздер айтып, “сендей әпкем болғанынша болмағаны жақсы” деген екен.

“Үйдегілермен де қатты жанжалдасып қалдым. Әкемнің ренжігені соншалық кеудемнен итеріп тұрып, “сен менің қызым емессің, сені осы үшін тәрбиеледік пе” деді. Желкелеп тұрып итеріп жіберген кезде менде іштей “көрерсіңдер, мен істеймін” деп ызаландым. Ал анам “қызым қандай іске ұрындың” деп қатты жылады. Сол жағдайдан соң үйден кетіп пәтер жалдадым”,- деп қосты ол.
Өзіне қарсы тұрған айналасын жек көре бастаған Анаргүл бұдан соң талай рет көшеде көлік астына түсіп не дәрі ішіп өлгісі келгенін жасырмады.

“Ей, милионер, ақшаң мен қымбат көлігің қайда?”

Бойжеткен карантиннен соң несиелерінің үстемақысы өсіп оны төлеу үшін екі жақта даяршы болып жұмысқа тұрған. 

“Бұдан соң адамдардың ортасында басымды төмен түсіріп, жасырынуға тырысатынмын. Мені ешкім білмесе, көрмесе екен дейтінмін. Кезігіп қалған таныстарым “Милионер, ақшаң мен қымбат көлігің қайда” деп мысқылдайтын”,- деп есіне алды ол.

Осыдан соң қыз үзілді-кесілді бұл жұмыстан бас тартып, барлық номерлерді бұғаттаған. 

Алматыдағы жаңа өмір

Осы жағдайлардан соң Анаргүл желіден пайдалы курстар қарап көңіліне жұбаныш іздеген. Бір күні Қуаныш Шонбайдың маркетолог курсын көріп қалып қатты қызыққан. Кейін оны алуға ақшасы болмағандықтан әкесіне айтып, рұқсат сұрайды. Басында ренжіп жүрген әкесі кейін сонда да қызының өтінішін орындаған екен. Осылайша, Анаргүл жаңа өмір бастау үшін Алматыға аттанады.

“Ата-анам Алматыдағы нағашыларыма хабарласып, солардың үйіне келдім. Бұл жақта да басымнан түрлі қиындықтар өтті. Аш жүрген, автобусқа 80 теңгем болмай, төлемей отырған жерімнен ұсталып қалған да кездерім болды. Қатты жылағаным есімде. Бірақ бәріне төзуге тырыстым. Себебі бұрынғы былығымның барлығын Астанаға қалдырып, мұнда таза парақпен жаңа өмір бастауға келген едім“,- деді ол. 
Біраз қиындықтар мен сынақтардан соң Анаргүл маркетолог болып кішігірім табысын несиесіне құя бастайды. Кейін заңгер құрбысы оның несиесіндегі артық үстемақыларды алып, кестесін қайта жасап берген. Бойжеткен еңбектене жүріп, онлайн платформалары арқылы жеке бизнесін бастап несиелерін толықтай өтеген. Осылайша ол біраз сынақтардан соң өмірн қалыпқа түсіріп, ата-анасына көмектесе бастаған.

“Осыдан кейін өзім кіргізген барлық адамнан кешірім сұрап шықтым. Бәріне “кешіріңдер мұның салдары қандай болатынын білмедім” дедім. Бұл оқиғаны Құдайдан келген сынақ деп қабылдап, өткердім, көндім, кейін жібердім”,- деп қосты ол.

“QNET деген сөзді естісең қаш…”

Бойжеткен қаржы пирамидасына алданбас үшін баршаға кеңесін айтты. 

“Ең бірінші Qnet деген сөзді естісең қаш. Сосын қазақылықты қойып, “ұят болады, өтініп еді, ол менің құрбым ғой, ол менің танысым, туысым еді” деген ойлардан арылыңыз. Қандай жағдай болмасын ең бірінші ата-анаңмен ақылдасу керек екен. Мейлі олар түсінсін, түсінбесін олардан ештеңені жасырмаған жөн. Оңай жерде ақша жоқ. Еңбектеп жүріп осы тығырықтан шыққанымда түсінгенім “еш жерде оңай ақша болмайды”. Сырт көз алдамшы, жылтыраққа қызығудың қажеті жоқ екен. Бастысы қанша еңбектенсең сонша табысқа жете алатыныңды ұғу керек”,- деп қорытты Анаргүл.  
Айта кетсек, Qnet халықаралық компаниясы ресми түрде Қазақстанда қаржы пирамидасы деп танылған болатын. Елімізде Qnet желілік компаниясының өкілдеріне қатысты 29 қылмыстық іс тергелуде. Ал жалпы шығын 160 миллион теңгеге бағаланған. Көптің өмірін ойран еткен қаржы пирамидасының кесірінен өз-өздеріне қол жұмысағандар мен ажырасқандар саны артқан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста