Көлгінов Абу-Даби плаза кешені жайлы: Құрылыс қарқыны баяу

Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешенінің құрылыс барысын тексерді.

Кешен Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Жоба өкілдерімен кездесу барысында қала әкімі құрылысты мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті. 

Құрылыс қарқыны баяу жүрді. Осы факторларды ескере отырып, мен Біріккен Араб Әмірліктерінде сіздің  басшыңызбен кездестім. Шетелдік сапар барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы "Aldar Properties" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммад әл Мубаракпен кездесті. Кездесулерден кейін компания басшылығы бізге өз өкілін жіберді. Жұмыс қарқынын жылдамдату қажет. Нысанды уақытында аяқтау Президенттің жеке бақылауында. Нысан сапалы болуы қажет, - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.  

"Абу-Даби Плаза" көпфункционалды кешені Орталық Азиядағы ең биік ғимарат және 5 блоктан тұрады. Өткен жылдың желтоқсан айында кешеннің сауда-ойын-сауық орталығы ашылды. Жобаны 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


Фото: ашық дереккөз
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста