Көлге көмектеспекке амур балығы келді

Атырау облысының мұнайлы Жылыой ауданы орталығына ақ амур балығы әкелінді. Аудан орталығы Құлсары қаласындағы  Қамыскөл көлін қайта қалпына келтіріп, оның қоршаған ортаға әкелер пайдасын оңалтуда жергілікті әкімшілік арнайы бағдарламаны жүзеге асырмақшы.
Жергілікті халқы қала санына жетіп, Құлсары қаласы атанған мұнайлы аудан орталығында Қамыскөл деген керемет көл бар. Алайда сан жылдар бойы балығы шоршып, айнадай жылтырап жатқан көл күні кешеге дейін аянышты халде болып келді. Көз алдарында жан-жағын қамыс қаптап, балдыр басқан, суы тартылып, құрып бара жатқан көлдің жағдайына жаны ашыған жергілікті әкімдік пен қала кәсіпкерлері оның екінші тынысын ашуға бел буыпты.
Күні кеше ғана осы Қамыскөлге аудандағы ірі кәсіпкерлердің демеушілігінің арқасында Астраханьнан ақ амур балығының 2 миллион шабағы әкелінді. Әзірге шабақтар өздеріне арнайы жасалған тоғанда үш ай мерзімдей ет жинап, өсіп-өнген соң, Қамыскөлдің қаптаған қамысымен «күресетін» болады. Олай дейтініміз, ақ амур балығының өзге балықтардан айырмашылығы – олар көлдегі арамшөптер мен қамыстардың өсуіне жол бермей, оларды түбімен құртып жеп тауысатын керемет «көл тазалағыш» қасиеті бар.
«Олардың осы қасиетін әлемдік тәжірибеге сүйенбей-ақ, осы Қамыскөлді сонау 70-жылдары қамыстан тазартқандығымен дәлелдеуге болады» дейді көпті көрген аудан тұрғындары.
Қамыскөлдің тағдырына алаңдаушылық білдіргендер 2 млн шабақ өсіп-өнген жағдайда екі-үш жылда көлді қамыстан тазартып, балдырдан құтқаратын болады деген үмітте. Міне, осыдан кейін аудан азаматтары Қамыскөлдегі балық қорын молайтып, оны сақтау мақсатында жұмысты күшейтпек ойлары бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста