Көктөбедегі телеорталық мега орталыққа айналатынға ұқсайды. Келер жылы телемұнараны туризм объектісі ретінде пайдалану туралы жоба іске асырылады. Болашақта телеорталық аумағындағы саябақта табиғи мұражай, сауық-сайран мен кино орталықтары, аттракциондар және галереялар болады.
«Көктөбе» телеорталығы аумағында демалыс және спорт саябағын жасау жұмысы келер жылы басталады», – деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Модернизациялау жоспарының бас жобалаушысы, Дизайнерлер одағының президенті Тимур Сүлейменов. Оның айтуынша, «Көктөбе» таулары үлкен рекреациялық аймақ жасауға мүмкіндік береді. Ал мамандардың пікірінше, инженерлік зерттеу жүргізу үшін 25 миллион теңге қажет. Жұмыс ендігі жылы қолға алынбақ. Телеорталық аумағындағы саябақта Алматының табиғи мұражайы, сауық-сайран орталығы, балалар мен жасөспірімдер алаңы, кино орталық, аттракциондар, салтанат залы, Қазақстан халықтары мәдени орталықтарының галереялары болады.
Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын қала басшысы «Көктөбедегі» телемұнараны туризм нысаны ретінде пайдалану туралы ұсыныс жасаған болатын. Наурыз айында реконструкциялауға қатысты келісімшартқа көлік және коммуникация министрімен бірге қол қойылды. Келісімшартта телеорталықты жаңалау, техникалық ғимараттың фасадын жаңарту, ландшафттық аймақ құру, туристік мақсаттарға пайдаланылатын бөлмелерді қайта жасау сияқты маңызды істер қамтылған.
Көктөбеде мұражай мен киноорталық салынады
Последние статьи автора