«Көктөбе» – қалта қағар «жұт» төбе

«Көктөбе» – қалта қағар «жұт» төбе

...Көрікті жер «Көктөбе» – Алматының оңтүстік-шығыс жағын ала орналасқан бөктерлі аласа массив. Биіктігі – теңіз деңгейінен 1070 метр. «Көктөбе» төңірегіне далалық ландшафт та тән. Ең басты айта кетерлігі, қашаннан қаланың ең көрікті демалыс орындарының бірі саналатын бұл аймақ қазір екінің бірінің аяғы тие бермейтін арман жерге айналып барады. Өйткені ондағы баға алқымнан алады...

Егер «Көктөбе» демалыс орнына жаяу барсаңыз, билет бағасы – 100 теңге, автобуспен кірсеңіз, күндізгі сағат 2.00-ге дейін – 500 теңге, одан кейін – 700 теңге (екі бағыты). Осы тұста айта кетейік, егер автобуспен жүретін жердің бар қашықтығының 500-600 метр екендігін ескеретін болсақ, бұл өзіндік құнынан 15-20 есе артық. Жеке көлікпен барғандарға – 5000 теңге. Ал аспалы жолдың екі бағытының бағасы – 1500 теңге. Қазір осы бағаларға базына айтушылар көбейіп кетті. «Көктөбе» демалыс аумағына тамақ, сусынды өзіңмен апаруға рұқсат етпейді» деп ренжіп жүргендер де аз емес. Көріп қалған жағдайда 17 000 теңге айыппұл салатын көрінеді. Ал аспалы жолға кірерде мемлекеттік маңызы бар жердей бас-аяғыңды тінткілеп шығады деседі. Оның себебі айтпаса да түсінікті шығар. «Көктөбе» аумағындағы сауда-саттықтың қыза түсуіне олар да мүдделі.

Қалаға келген қонақтарыңды қыдыртқың келсе, «маршрутты» «Шымбұлақ» шатқалы, «Медеу» мұзайдыны мен «Көктөбеден» бастайтын да әдетіміз бар-ау. Аты әйгілі осынау көрікті жерлерді тамашалаушылардың лек-легімен ағылып жататындығы кім-кімге де аян. Келушілер бір үзілген емес. Қазір де дәл солай. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алсын ба, әйтеуір, бір қалталы дөкейлердің ол жерлерді жекеменшікке сатып алғандары қа-шан!

Ауадан ақша жасап жатқандарға көрсеткен іштарлығымыз емес, алайда Алматының аз ғана көрікті жерлері бар еді, солардың өзінің баз біреулердің кіріс әкелетін нысанына айналып кете барғандары өкінішті. Бұл тақырыпты қозғап отырғанымыз жайдан-жай емес. Аталған демалу орындарының ішкі тәртібі ешкімге ұнамай жүр. Әсіресе, «Көктөбеге» қарап, күрсініп жүргендер көп.

Рас, «Көктөбенің» табиғаты тамаша. Ауасы саф. Шіркін, көкірегіңді кере жұта бергенге не жетсін! Көлігі де, адамы да ығы-жығы қаладан қашып, осынау алақандай ғана жаннатты жерге барып демалғың келеді-ай бір... Алайда «Көктөбе» барсақ, тынысың тарылып қайтатын болдық қой. Әрине, қалталы адамдарға түк емес шығар. Алайда қарапайым жандар үшін айтарлықтай шығын.
Осы айтылғандардың барлығын анықтамақ болып біз «Көктөбе» демалу орнының арт-директоры Нелли Щербаковамен хабарласқан едік. Нелли Щербакова жоғарыда келтірілген бағалардың барлығын растады.

– Бұл бағалар барлық шығындар ескеріле отырып бекітілген. Ал адамдардың өздерімен сусын, тамақтар әкелуіне рұқсат етпейтініміз рас. Бұл – «Көктөбе» демалыс орнының әкімшілігі орнатқан тәртіп. Сондай-ақ бұл жерде де тамақтанатын орындар көп.

Осы тұста біз Нелли Щербаковға өзі айтып отырған тамақтанатын орындардың бағасының ұшып тұрғандығын және оны кез келгеннің қалтасының көтере бермейтіндігін айттық.

– Ол бағаларды біз белгілеген жоқпыз. Ал тыйым салуға біздің толық құқымыз бар, – деп, ол бұл сауалымызды айналып өткісі келді. – Жеке көлік тұрағының неге 5000 теңге екендігін де түсіндіре кетейін. Негізі, «Көктөбе» аумағына көлікпен кіруге құзырлы салалар үзілді-кесілді тыйым салған. Бұл техникалық қауіпсіздікке байланысты. Алайда кімде-кім өтініш жасап, 5000 теңге төлеуге жағдайы келсе, оған қарсылығымыз жоқ. Сөз соңында айта кетерлігі, демалушылардан түскен қаржы жұмысшылар мен осы орынды күтіп-баптауға және техникалық қауіпсіздікті жақсартып отыруға жұмсалады.

«Көктөбе» демалу орнының директоры Нұрлан Қазиев болса былай дейді:
– Біз, негізі, көлікпен келем деушілерге рұқсат бермеуге тырысамыз. Өйткені құзырлы салалардың өздері соны талап етіп отыр. Алайда келушілердің арасында тәртіпке бағынбай, өзімізге дікеңдейтіндер бар. Кейбіреулер араға тіпті жоғарғы жақтағы көкелерін салып қояды. Енді біреулер жалынып, көнбесіңе болмайды. Ендігі бір түйіні шешілмей отырған мәселе – өздеріңіз айтып отырғандай, демалу орнына сусын, тамақ әкелуге байланысты. Оған айтарым мынау, демалуға келді ме, демалсын, ал тамақтарын үйлерінен ішіп-жеп келсін!

– Бұл не сөз?! Бұлай деуге кім оларға рұқсат берді. «Жекеменшікке сатып алдық» деп барлық ереже-тәртіпті өздері орнату керек пе екен? Ол жердің айналып келгенде елдің, халықтың игілігі екендігін ұмытпаған жөн.

Демалу орындарына адамдар бала-шағаларымен, қонақтарымен қыдырып барады. Демалысты қалай өткізеді, ол – әркімнің өз қалауы. Мәселен, өзімен тамақ әкелемін деушілерге тыйым салу – адамның құқын бұзғандық. Тек тазалық, мәдениетті сақтаса болды. Ауылдан келіп жатқандардың арасында қаламыздың көрікті жерлерін бірінші рет көргендер де баршылық. Естіп жатырмын, мәселен, ауылдан келген қариялар заңда жазылмаған тәртіптерді көріп, қатты налып қайтады екен.

Шетелдерде, өздеріңіз білесіздер, адамдар мәдени демалыстарын қалай өткіземін десе де, ол – әркімнің өз еркі. Біздегі сияқты талаптарына бағындырып жатқан жоқ, барлығы еркін.

Жалпы мен мынаны айтқым келеді: Тек қана «Көктөбе» ғана емес, «Медеу», «Шымбұлақ» сияқты көрікті жерлерімізді небір алпауыттар сатып алып, өз әмірлерін жүргізіп жатыр. Кезінде солар халықтың лайықты демалуына бар жағдайды жасаймыз деп міндеттеме қабылдаған. Өкінішке қарай, оны көріп отырған жоқпыз. Рас, кезінде елде қиын жағдай болды. Бәрін сатуға тура келді. Қазір еңсемізді көтердік. Экономикамыз түзеліп қалды. Жаңағыдай тыртыңдап жүрген қалталыларға тежеу салып, көрікті жерлердің жартысына Үкімет өзі ие болуы керек дер едім. Ол жерлер ешкімге де өмір бойына берілген жоқ. Сондықтан да Үкіметтің шарт қоюға құқығы бар.

Бұл – Алматы қаласы мәслихатының депутаты Амантай Біртановтың сөзі. Оған біздің алып-қосарымыз жоқ. Ал осы мәселелерді реттеп, бақылап отыруы тиіс сала, яғни Медеу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «бұл біздің құзыретімізде емес» деп, жауапкершіліктен ат-тонын ала қашты. Егер ішкі саясаттағылардың өздері ілік тауып, іркіп қалса, біреуге жұмақ, біреуге – жұмбақ жердегі былық-шылықтарды кім реттемек?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста