Көктайғақтан сақтаныңыз!

Көктайғақтан сақтаныңыз!

Кеше Семейде 1-ден 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ кейінге қалдырылды. Бұған көше-жолдардың көктайғақтануы себеп болды.

Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандарының хабарлауынша, мұның алдында өңірде қар аралас жаңбыр жауған болатын. Ауа температурасының 0-ге дейін төмендеп, кейін бірден 5 градусқа көтерілуі салдарынан көктайғақ қалыптасты. Аяқ алып жүргісіз тайғақта сүрініп, жарақаттанған 100-ге жуық адам дәрігерлерге көрінген. Олардың 25-інің сүйегі сынған екен. Тұрғындарды табиғаттың тосын мінезінен сақтау үшін төтенше жағдайларға жауапты мамандар оқу процесін уақытша тоқтату туралы шешім шығарды.

Марат Дәулетин, Семей қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың алдын ала сақтандыру бөлімінің бастығы:
– Қала көшелерінде әлі күнге дейін көктайғақ. Қала сыртына шығатын жолдар жабылды. Жол полициясы хабарлағандай, қала ішіндегі көшелерде көліктердің жылдамдығы сағатына 20-30 км-ден аспай тұр. Сол себепті қала тұрғындарынан абай болуды сұраймыз. «Сақтансаң сақтайды» дегендей.

Мұндай жайсыз ауа райының Семейде ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарында қалыптасқаны белгілі. Мамандар енді Астана мен Алматы қалаларының көше-жолдарында көктайғақ пайда болатынын ескертіп отыр. Қар аралас жаңбырдың соңы секундына 14 метрге дейін жететін желге ұласады. Күндізгі 11 градустық жылымық күрт құбылып, 4 градусқа дейін қайта суытпақ. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің екі бас қаласында көктайғаққа қоса, көз байлайтын қалың тұман да түсуі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста