Көгімізде – «Сұңқар», жерімізде – «Терминатор»!

Көгімізде – «Сұңқар», жерімізде – «Терминатор»!

Кеше, түсте Астанада «KADEX-2012» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ресми түрде ашылды. Десек те, көрменің шымылдығы таңертеңнен бастап Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы бірлесіп ұйымдастырған халықаралық әскери ғылыми-техникалық конференциямен түрілді. Конференцияның тақырыбы – «Заманауи әскери-техникалық саясат: проблемалары мен келешегі» деп аталады.
Жиынға қару-жарақ және әскери техникамен ай­налысатын отандық және шетелдік ведом­ство­лардың, ғылыми және білім беру мекемелерінің, кәсіпорындар мен фирмалардың басшылары мен мамандары қатысты. Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметов құттықтау сөзін сөйлеп, конференцияның бүгінгі таңда өзекті әрі маңызды екенін атап өтті. Әскери техникалық саясаттың маңызды мәселелерін талқылаған конференция  әскери техникаларды жаңғыртудың оңтайлы ше­шімдерін іздеу және даму келешегін айқындауды көздепті. Сондықтан жұмысы үш күнге созылатын жиынның қорытын­дысында қабылданған ұсыныстар назарға алынып, келешекте жүзеге асатын болады.
«KADEX-2012» көрмесінің  ең қызықты сәті түстен кейін болды. Шараның түстен кейінгі бө­лігіне Елбасы, Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп қатысты. Қара сүліктей көліктер шеруімен келген Пре­зидентті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қол­басшысын оркестрдің рух тербейтін әскери мар­шы­мен қызыл кілем үстінде төрге оздырды.
Бұдан кейін еліміздің әскери техникалары ар­на­йы жабдықталған полигонда әскери күш-қуат мүм­кіндіктерін көрсетті. Ең әуелі Т-72Б танкілері шық­ты. Бұл танк былтыр Ресейде жаңғыртылған екен.
Танкінің жүріп келе жатып атқан оғы құ­лақ тұндырып, жер жарады. Оқтың жаң­ғы­рығынан табан астындағы жер дірілдеп қоя берді. Танкінің сұсы жаудың мысын ба­сады екен дестік. Әдейі төселген иір-қиыр жолдардың бәрінен еш кідірмей өте шық­қан Т-72Б танкісіне шетелдік қонақтар да сүйсініп тұрды.
Бұдан кейін жауды отпен орайтын ТОС 1А және «Терминатор» деп аталатын танкіні қолдаушы ауыр соғыс машинасының көрсетілімі болды. Бұл техника да 2011 жылы Ресейден сатып алынған екен. Сон­дай-ақ БТР2А жаяу әскер жауынгерлік ма­шинасы да жұрттың  алдынан жүріп өтті.

Шетелдік әскери техникалар да өз мүмкіндіктерін көрсетіп қалды. Түркияның «Кобра» атты дөңгелекті барлау машинасы, Ресейдің брондалған «Тигры», Украинаның БТР-4Е машинасы да ойлы-қырлы жерде ойқастады.  Айтпақшы, осы жерде айта кету керек, Украинаның осы әскери техни­касын бірлесіп жасау жөнінде Қазақстан мен Украина келісімге қол қойыпты. Украи­наның қорғаныс министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, құны 150 млн доллар көлемінде болатын 100 бронетран­спортер машинасын жасау жөнінде ке­лісімге келген. Бұл келісім осы «KADEX-2012» көрмесі шеңберінде болған.
Бұлардан кейін «КамАЗ» әскери жүк көліктері де лек-легімен жүріп өтті. Бүгінде әскери паркіміздің 80 пайызы жолсыз тау-таспен де жүріп өту қабілетімен тәнті еткен осындай «КамАЗ»-дармен жаңартылған екен.
Десанттарымыз да қонақтар үшін өз өнерлерін аяп қалмады. МИ-8 тікұша­ғы­нан түскен десанттар мер­ген­дігімен там­сантып, жаудың шебін қиын­дықсыз бұза алатынын дәлелдеді. Әскери саппен жүру­дің де түрлі әдістерін біркелкі, еш қиын­дықсыз орындап шықты. Бұл да әске­рі­міз­дің айбынын асқақтататын көрініс болды.
Құрлықтағы көрініс бағдарламасы Қазақстан, Германия, Үндістан, Польша, Тәжікстан әскери оркестрлерінің салтанатты шеруімен аяқталды. Тәнті еткен бір жағдай, тәжік бауырларымыз өздерінің әскери оркестріне ұлттық киімдерін де енгізіпті. Оркестрдің үрмелі аспаптағы жігіттері тәжіктің ұлттық шапаны мен саптама етігін киіп шықты. Үндістан тарапы да өздерінің ұлт­тық киімдерімен ерекшеленіп тұрды. Үс­те­рін­дегі ұлттық киімдерінен-ақ қай ұлттың әс­кери оркестрі екенін танисың. Біз­дің әс­ке­рилердің де киімін ұлттық на­қыш­пен көмкерсе, жарасымды болатын се­кілді.
Шара бұдан әрі әуе көріністерімен жалғасты. Әуелі елімізде құрастырылған ЕС-145 тікұшақтары ұшып өтті. Бұдан кейін «Сұңқар», «Алатау» және «Жетісу» пи­ло­таж­дық топтары Л-39, МиГ-29, сондай-ақ Су-27 ұшақтарымен ең жоғарғы пилотаж­дық қи­мылдар жасап ұшты. Ресейдің әс­ке­ри әуе күштерінің «Русские витязи» пило­таж­­дық тобының да ұшу өнерін та­­ма­шаладық. 
Әскери техникалардың көрсетілімінен кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көр­ме­лерді аралап шықты. Ұшақтардың, соғыс тех­никаларының үлгілерін көрді. Оның ішін­де Қазақстан Қарулы күштері мен Тө­тен­ше жағдайлар министрлігі жақында ға­на қол жеткізген С-295 әскери көлік ұша­ғын, Т72Б танкісін, Ресейдің КА-32 көп­ функциялы тікұшағын және ре­сейлік SuperJet-100 жолаушы авиа­лай­не­рін тамашалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста