Кітап авторы "Рыжий Алмазды" кім өлтірткенін айтты

Кітап авторы "Рыжий Алмазды" кім өлтірткенін айтты

Орта Азияға танымал болып, атағынан ат үріккен Сары Алмасты өлтірткен кім? Бұл туралы Рыжий Алмаз" кітабының авторы айтып берді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшісі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Рыжий Алмаз" кітабының авторы, кәсіпкер Бекжан Нәлібаев Сары Алмас жайлы айтып берді. 

 

Бекжан Нәлібаев осы кітап үшін, оқ тисе де қорықпайтынын кесіп айтты. Сары Алмас Алматы облысы, Бағанашылда жерленген.

 

- Кітаптың шыққанына бір апта уақыт болды. Тез шығуына ат салысып жүрдім. Бұл кісіні мен қазақтың батыры деп есептеймін. Кітапты жазуды 2018 жылы бастадық. Алмаз ағамыз туралы деп айтатын болсақ, Тәуелсіздігімізді 90 жылдары алғаннан кейін, енді аяққа тұрып ес жиып жатқанда өзге елдер бізге көз сала бастады. Ағамыз ол кезде Алматыда кәсіппен айналысып жүрді. Сол кезде қалың ел арасынан суырылып шықты. Өзге қылмыстық топтар біздің кәсіпкерлерді тонады. Біздің байлығымызға көз салды. Сол кезде Алмаз ағаларымыз шыққан. Сонымен қатар, Несіпбай ағамыз, Сабыр Мүсілім ағамыз, Мейіржан ағаларымыз барлығы бірігіп, еліміздің абыройы үшін, жандарын тәуекелге тікті. Содан осы кітап 2018 жылдан бастап, 4 жыл жазылды. Сары Алмаз ағамызбен бірге жоғары атап өткен ағаларымыздың өмірбаяндары, қиын жолдардан қалай өткен жері туралы жазылды. Олардың бәрі бірге бауыр, дос болған.

 

- Бұл кітапты командамен жаздық. Жалғыз менің емес, көптеген адамдардың еңбегі жатыр. Қырғызстанда, Москвада болдым. Қаражат жағына жауап бердім. Сонымен қоса материалдар жіберіп отырдым. Ютуб желісінде ағамыздың видеролигіне көп адамдар осы ағамыз туралы неге кино түсірілмейді, неге кітап жазылмайды деп сұраған. Содан бізде ой туындады. Негізі жазсақ деп, ниетті болып жүргенбіз. Кітап жақсы жазылса, оқырмандарға ұнап жатса, қорқатын ештеңе жоқ, дейді.

 

Жазылған кітапты тексертуге 3-4 жерге берген. Олар басы мен аяғын қалдырып, ортасын қиып алып тастаған. Баспаханалар шығармаймыз деп, қайтарып отырған. Кітапты теруге бергенде, ертесіне уақытымыз болмай жатыр деп шығарудан бас тартқанын айтып берді.

 

Кітаптың авторының айтуынша, Сары Алмас әлем бойынша "Дисней Ленд" салуды жоспарлаған. Оның бір ұлы бар. Бірақ, қайда екенінен ешкімнің хабары жоқ.

 

Бекжан Нәлібаев келешекте кино шығаруды да жоспарында барын айтты.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста