"Киімнің бәрін жыртып тастады": Ақтөбеде көпбалалы ана автобус кондукторы сабады деп шағымданды

"Киімнің бәрін жыртып тастады": Ақтөбеде көпбалалы ана автобус кондукторы сабады деп шағымданды

Ақтөбеде жүз теңге үшін үлкен айқай-шу шықты. Зейнеткер автобус кондукторы мені оңдырмай сабады деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Көпбалалы ана қазір полицияға арызданған, кондукторды жазалауды талап етіп отыр.

Елу бес жастағы Райхан Мамилина 29 бағыттағы автобусқа таңертең мінген. Артқы есіктен түсетін уақытта ақшасын таба алмай қалып, кондукторға зейнеткерлік кітапшасын көрсетіп, елу теңге беріпті. Бірақ кондуктор жолақысының толық құнын төлеуді талап етіп, автобустан түсірмей қойған.

“Түскеннен кейін ақшамды төледім. Бізге пенсионный 40 теңге. Ол әйел мені алдыға қарай сүйреді. Жұлқылап, түйгіштеп автобустың алдына қарай сүйреді. "Ішке алып кетемін. 150 теңге төлейсің!" деп ұрысып, киімнің бәрін жыртып тастады. Жемпір, көйлек бәрін. Қолым барлығы мынадай көк болып көгеріп кетті”, – дейді жәбірленуші Райхан Мамлина.

Райхан автобустан түскен бойда полицияға арызданған. Дәрігерге қаралып,  үстіндегі көгерген жерлерін көрсетіпті. Жәбір көрген тұрғын кондуктордың жазалануын талап етіп отыр. Бірақ басы дауға қалған кондуктор Райхан Құдабаева да өз құқығын қорғамақ. Ол да полицияға қарсы арызданыпты.

“Зейнеткердің көк картасын көрсетіп, маған елу теңге берді. Мен айтам, жоқ олай болмайды. Біздерде автобус картамен жүреді деп, 150 теңге төлеңіз деп. “Жоқ, мен, міне, зейнеткермін” деді. “Мен күнде осылай жүремін, ештеңе төлемеймін” деп қашып бара жатқан соң, мен қолынан ұстап тоқтаттым. Мен сабаған жоқпын. Мен оны итеріп, автобусқа кіргіздім. Ол қарсыласып, мені итеріп, қолымнан соқты”, – дейді кондуктор Райхан Құдабаева.

Анықталғандай, зейнеткерлер картамен есептескенде жолақысы қырық теңге екен. Бірақ қолма-қол ақшамен төлегенде зейнеткер де 150 теңге төлеуі тиіс екен. Сондықтан да болар, "Автопарк" басшылығы өз қызметкерлерінің бұрын мұндай теріс қылығын көрмедік деп ақтап отыр. Олар кондукторға сөгіс жариялап, түсініктеме алыпты.

“Енді қазіргі таңда өздерінің құқығын қорғау мақсатында екі тарап бір-біріне қарсы арыз жазып отыр. Соған байланысты әзірге ескертумен кондукторды да, жүргізшіні де жұмысқа қостық. Құзырлы органдардың тергеу амалдары нәтижесіне сәйкес біз әрі қарай қосымша шара қолданамыз”, – дейді “Автопарк” ЖШС директоры Ақарыс Тілеулесов.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қазір полицейлер әкімшілік іс қозғаған. Екі тарап та бір-біріне дене жарақатын салғандықтан  сот-медициналық сараптама тағайындалған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста