«Kids EXPO. Балалар әлемі». Елордада балалар тауарларының жәрмеңкесі басталды

Астанада 17 тамыз күні сағат 12:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында балалар жылы аясында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі басталды. Жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
 
Жәрмеңкенің бағыты: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, керек-жарақтар мен аксессуарлар және т.б.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырды.

Елордалық балалар тауарларына арналға «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі – қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып ала алатын алаң. Мұнда бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады, - дейді ұйымдастырушылар.
Жәрмеңке барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылып, оған қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Сондай-ақ EXPO алаңында білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесерлері, оқыту әдістері, мектептер, сондай-ақ тренингтер мен мастер-кластар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері өткізіледі.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкені жыл сайын өткізуді жоспарлап отырғанын ерекше айтып өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста