Керекуліктерге кемеңгерлер керек болмай тұр

Керекуліктерге кемеңгерлер керек болмай тұр

Биыл туғанына 110 жыл толған қазақтың біртуар қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туған жері Павлодардан ескерткіш тұрмақ, белгітас та бұйырмай жүр. Павлодар әкімшілігі жыл сайын құрғақ уәде беріп сырғытпамен, ықтасынмен күн өткізіп келеді. Біз бір ғана Қанышты мысалға алып отырмыз. Әйтпесе Кереку топырағынан туған шоқ жұлдыздарымыз қаншама?! Бұхар жырау, Естай, Майра, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Жұмат Шанин, Мұса Шорманұлы, Ермахан Бекмаханов, Шафик Шөкин, Шәкен Айманов және т.б. кемеңгерлердің де бұл бағытта бағы асқаны шамалы. Солардың кейбірінің тастан қашалған бас мүсіндері С.Торайғыров атындағы университеттің ауласынан «ұзап шыққан» емес. Яғни басқа көрнекі тұстан қазақ қайраткерлерінің келбетін көрмейсіз деген сөз. Бар мүсіннің өзіне жергілікті биліктің сараң қалтасынан соқыр тиын да шыққан жоқ. Бұл шағын ескерткіштерді оқу орнының өзі қойған.

Амал қанша, аймақтағы мәдениет саласының басшылары әнші Майра Уәлиқызының қабіріне белгітас орнатуға он миллион теңгені таба алмай он жыл жүр. Ал биыл Керекуден шыққан орыс ақыны Павел Васильевтің мерейтойын өткізуге жетпіс миллиондай қаражат бөліпті. Ол тұрмақ, былтырғы жылы қалада қаңғып жүрген ит-мысықтарды атуға тоғыз миллион алты жүз мың теңге ақша жұмсады. Оның қаншасының «қалтаға» кеткенін құдай білсін. Өйткені кезбе иттер азайғанның орнына көбейіп барады.

Жақында Кереку қаласында Иван Качериди деген біреуге ескерткіш-тақта орнатылып, жергілікті билік оның ашылуына кішігірім тілеу жасап, шала бүлінді де қалды. Енді «Иван Качериди кім» дегенге келер болсақ...

Ертістің Кереку өңірінде бірқатар құрылыс нысандарының салынуына атсалысыпты. Сол қызметі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» деген атаққа ие болған. Дұрыс-ақ! Алайда ұлы ғұлама ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш геолог Қаныш Сәтбаевтың қолына су құюға да жарамайтындардың парқын өлшеуге қаншалықты өре қажет болғаны.

Сайып келгенде, әлем таныған Сәтбаевтың туған жері Керекуде оның ескерткіші жоқ деп айтудың өзі ұят. Керісінше, көрші облыстар осынша дана мен данышпанға бесік болған Керекуді шаң қаптырып барады. Айталық, Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалғанына аз ғана уақыт өтсе де, Бердібек Сапарбаев Өскеменнің төріне Абай ескерткішін қондырса, бүгін Қалбатау жақта Ер Жәнібектің ескерткішін ашпақшы...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста