Кереку орманы енді өртенбейді

Кереку орманы енді өртенбейді

Павлодар облысындағы ор­ман­ды алқаптар «Ертіс орма­ны» мемлекеттік орман таби­ғи резерваты мен Баянауыл ұлт­тық табиғи паркінің аума­ғын­да ор­наласқан. Ондағы тіл­сіз жау­дың алдын алу мақса­тындағы іс-шаралар биыл сәуірдің 10-ында басталмақ.
Павлодар облыстық төтенше жағдай­лар жөніндегі департаменттің бастығы Мыл­тық­бай Айтжановтың айтуынша, был­тыр өңірдің бес орман шаруашылығы аума­ғын­да 101 өрт болған. Тіл­сіз жау­дың салдарынан 3 миллион тең­геге жуық шығын келтірілген.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман та­би­ғи резерватында бүгінгі таңда 12 өрт-­хи­миялық стансысы, жеті өрт сөндіру көлі­гі, 35 трактор мен 10 кіші өртсөндіргіш ке­шен қолданысқа дайын. Және өрттің шы­ғуын бақылауға алатын тоғыз бекет жұмыс істейді. Биыл тағы екі өрт-химиялық стан­сысы қолданысқа беріледі. Ал Баянауыл мем­лекеттік ұлттық табиғи паркінің тех­ни­ка­лық-материалдық базасы да өрт қауіп­сіздігі кезеңіне толық дайын. Айта кетер­лігі, ұлттық парк аумағын әуеден бақы­лау­ға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тара­пынан тікұшақ бөлінген.
Қазбек АХМЕТОВ, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының директоры:
– Қазіргі кезде өрт қауіпсіздігі ке­зеңі­не дайындық жұмыстарына бай­ла­нысты туындаған мәселелер жоқ. Таби­ғи резерват құрамындағы қызмет­кер­лер саны 256-дан 322 маманға арт­ты. Жасыл желекті алқаптарды өрт­тен сақтау мақсатында жергілікті ор­ман шаруа­шылықтары Алтай өлкесі ор­ман­шы­ларымен тығыз қарым-қаты­нас орнатып, арнайы жұмыс жоспарын бекіт­ті. Қар ерісімен резерват аумағын қо­қыс­тан тазарту мен минералданған жолақ­тарды орнату бойынша жұмыс­тарды бастаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста