Бүгін жер дүние жаңарған көктем келді. Көктеммен бірге елімізге сән-салтанатымен мерекелер де келіп жетті.
Ал 1-наурыз Алғыс айту күні қарсаңында, тәртіп сақшылары Кентау халқына ақжарма тілектерін арнады.
Полицейлер тұрғындарға "Қылмыссыз қоғам" құру жолында бірлесіп, тәртіпсіздіктерге, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды. Ең бастысы көп ұлттың өкілдері тұратын моноқаланың ынтымақ-бірлігі ажырамасын деп тілек білдірді.