«1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауын өткізді.
Шараның мақсаты-мектеп оқушыларын адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Өнер арқылы патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту мен туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды №23 мектептің 1"в"-сынып оқушысы Сезім Бекзатқызы иеленсе, ІІ-орынды Аруназ Ажиакбарқызы, ІІІ-орынды Еркеназ Бекзатқызы қанжығалады.
Жеңімпаздар Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы поилция полковнигі Е.Қыдырбаевтың арнайы «Алғыс хат», бағалы сыйлығымен марапатталды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі