Кентау қалалық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Ислам Азрайлұлы Дугачиев, барша қазақстандықтарды "1 мамыр- Бірлік күні" мерекесімен құттықтайды.
Исламның ұлты-шешен. Десе де, ол қазақ тілін жетік меңгеріп, мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Көпұлтты мемлекетіміздегі халықтар достығы мен өзара түсіністігі оны қатты қуантады.
Полиция капитаны И. Дугачиев: "Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!"-деп ізгі тілегін өлең жолдарымен жеткізді.