Кеңестік құжатпен жүрген егде жастағы азаматқа жаңа құжат табысталды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жергілікті тұрғын келіп, қазақстандық құжат алу үшін көмек беруін сұрайды. Яғни 1959 жылы туған ер адамның айтуынша, ол 1974 жылғы КСРО құжатын жоғалтып алып, содан мүлдем құжатсыз қалған. Арадан жылдар өтіп, зейнет жасына жеткен сәтте құжатын рәсімдеуге өтініш білдірген.
Осы ақпарат бойынша полицейлер бірден іске кірісті. Бірінші кезекте тұрғынның кеңестік төлқұжатының түбірін анықтап, одан әрі азаматтың құжатын заңдастыру жұмыстарын жүргізді.
Аталған азаматтың арнайы өтініші бойынша басқа да заңды мекемелермен байланыс жасады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері көп кешіктірмей Т.Төрехановтың Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын жеке куәлігін дайындап, қолына табыстады. Ұзақ уақыт бойы өзінің жеке басын растайтын құжатсыз жүрген Тойлыбек Төреханов, оны тез арада рәсімдеп берген жетісайлық көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста