"Кейде орысша сөздерді ұмытып қаламын": Шымкентте орыс қызы қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жүр

"Кейде орысша сөздерді ұмытып қаламын": Шымкентте орыс қызы қазақ тілі пәнінен сабақ беріп жүр

Қазақ тілінен сабақ беру бала күннен бергі арманы екенін айтқан шымкенттік ару көпшілікті таңғалдырды. Бүгінде Кристина Бойко мақсатының алғашқы асуларын бағындырып қойған. Студент қыз қазіргі таңда мектепте оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп жүр, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

Кристина Бойко айналасындағылардың оның сөйлегеніне таңғалып қарайтынына бұрыннан үйреніп қалған. Себебі, ол көбінесе қазақ тілінде сөйлейді. 

Ұстаз болуды армандаған бойжеткен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінде оқиды. Болашақ тіл маманы. Биыл алғаш рет мектепке келіп, педагогикалық тәжірибеден өтуде.

Студент қыз Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі тиіс екенін айтады. Кристинаның өзі қазақ тілін балабақшадан бастап үйренген. 

"Ата-анам мені балабақшада қазақ тобына берді.Тілді қатарластырымен ойнап жүріп, тез үйреніп алдым. Қазіргі таңда университетті үздік бітіріп, жұмысқа орналасып, қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосқым келеді", – дейді бойжеткен. 

Достары “жүрегі қазақ деп соғатын” қыз деп атайтын көрінеді. Екінші курс студенті мамандық таңдауға ата-анасы мен қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі әсер еткенін айтады. 

Мектепте оқып жүргенде гуманитарлық пәндер жақынырақ еді. Әсіресе қазақ тілі пәні өте жақын болды. Сондықтан мамандық таңдауда қазақ тілін таңдадым. Ортам қазақ болғандықтан, кей жерлерде орыстың сөзін ұмытып қалатын жағдайлар болады. Акцентпен сөйлеп қаламын, сол кезде ата-анам күліп қояды. Мен бұған ешқашан кейімеймін. Керісінше, қазақ тілін білгеніме қуанамын және мақтанамын", – дейді Кристина. 

Кристина Шымкентте туып-өскен. Студент 65-ші мектеп-гимназияда тәжірибеден өтіп жүр. Мектепте үш мыңнан астам оқушы оқиды, сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Оқу орнының директоры оның тәжірибесінде алғаш рет орыс қызының қазақ тілінен сабақ бергенін айтады. 

"Біздің мектепте тәжірибеден өтіп жатқан студенттер өте көп. Бірақ Кристинаның орны ерекше. Біздің мектептің тарихында орыс қызының қазақ мектебіне келіп, қазақ тілінде сабақ беруі бірінші рет болып отыр. Кристина Андреевнаға жұмысына сәттілік тілейміз. Ал біздің білікті оқытушыларымыз өз тәжірибелерін болашақ мұғалімдерге көрсетуге бар күшін салады", – дейді мектеп директоры Алмас Қайыпов. 

Кристина жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, еңбек жолын мектептен бастамақ. Ол өз Отанын қадірлеп, қастерлейтін әрбір азамат ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді білуі тиіс деп есептейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста