Кей өңірлерде жел күшейіп, бұршақ жауады – 2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, соңы жауын-шашынға ұласады. Тіпті, кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Синоптиктердің болжауынша бүгін Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райын сақтайды – кей жерлерде найзағай ойнайды.

"Республиканың солтүстік және орталық өңірлерінің кей ауданында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-батыс аймақта тұман түседі.

 

Ауа райы мегаполистерде


Күндіз елордада оқтын-оқтын жауған қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Алматыда ыстық ауа райы күтіледі: күндіз +32 °C, түнде ауа температурасы + 17 – + 19 °C болады. Желдің жылдамдығы: 2-7, желдің екпіні 10 м/с.

Шымкентте + 31 °C, түнде + 22 °C болады деп болжайды. Желдің жылдамдығы 8-13, күндіз 15-20 м/с жетуі мүмкін.

 

Аймақтардағы ауа райы


Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында жел осы шамада күшейіп, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауады.

Қарағанды ​​облысында бұршақ жауып, желдің екпіні 15-20 кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с дейін жетуі мүмкін деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Түркістан облысында желдің күшеюі 23-28 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысында да осы шамада жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде.


Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда.

Түркістан мен Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Атырау облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі болуы мүмкін деп болжануда.

 

sputniknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста