Кәсіпкерлерге отандық өнімді сатып алу міндеттелуі мүмкін

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу ісінің методологиясы мен мониторингі департаментінің директоры Мұхит Мақажанов отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында олардың өнімін өзге кәсіпкерлер сатып алуды міндеттеу көзделіп отырғандығын мәлімдеді, - деп хабарлайды

 Baq.kz тілшісі.

- Біз екі жыл бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ жанынан арнайы бағдарлама жобасын әзірлеген болатынбыз. Ондағы негізгі шарттардың бірі әрбір кәсіпкердің (мейлі ол шағын немесе орташа кәсіпкер болсын) тұтынатын тауары егер өз елімізде шығарылатын болса, қажеттілігінің 30 пайызға дейінгі көлемін өмізде жасалған отандық өнімдерді сатып алуға міндеттелген еді. Әлемді шарпыған дағдарыс зардабынан қорғану үшін және шет елден келген тауарлар бәсекелестігінде отандық өндірушілерді қолдау мақсатында біз жоғарыда атап өткен 30 пайызды, ендігі жерде 100 пайызға дейін көтеру керек деп ұсыныс енгізіп отырмыз. Яғни, егер қандай да бір кәсіпорынға қажетті өнім Қазақстанда шығарылатын болса, қажіттіліктің орны тек отандық өнімдермен толтырылуы тиіс. Мұндай ұсыныс өткен аптада Қор жетекшілерінің қатысуымен болған кеңесте толық қолдау тапты. Өзге де құжаттамалық негіздерін әзірлеп қойдық. Енді алдағы сәуір айының 3 күні директорлар кеңесінің отырысында қорытынды шығарылатын болады, - деді Мұхит Мақажанов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшының өзі отандық өнім өндіретін кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ел ішінде түрлі іс-шаралар ұйымдастыру керектігін мәлімдеген болатын. Соның нәтижесінде, ел экономикасын ілгерілететін әрі ұлт мақтанышы болатын кәсіпкерлерді қолдау акциялары жер-жерлерді түрлі форматтарды өткізіле бастады.

Baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста