Кәсіби біліктілігі жоғары ұстаздың жемісі мол

Алматы қаласында мектеп директорлары мен білім беру басқармасы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Семинарда заман талабына сәйкес білім беру жүйесіне жаңашыл­дық пен тиімділік жолында жаңа серпіліске бастап отырған үш айлық курсты өткізудің бары­сы мен оған мұғалім жіберуде талаптар­дың орындалуы сынды сұрақтар жан-жақты талқыланды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үш айлық, үш деңгейлі курстарды өткізу міндеттел­ген. Бұл бағдарлама – Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған жобасы. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда «шетелдік оқу орындарымен бірлесіп бекітілген білім беру бағдарламалары өзіндік адаптациясыз құрастырылған және шет мемлекеттер өз жобаларын бізге тықпалай береді» деген қате пікір қалыптасыпты. Мамандардың сөзіне сенсек, Кембридж университеті педагогика факультетінің мамандары бағдарламаны іске асырмас бұрын еліміздің ұстаздарымен кездесіп, жобаның құрылымы жайында ақылдасқан көрінеді. Ал биыл қаңтарда білім және ғылым министрінің жаңа нұс­қаулығы шықты. Онда қандай мұғалімдер қандай деңгей­лі курстарға қатысуы керектігі айтылған. Әйтпесе «курсқа келген ұстаздардың категориялары мен тәжірибелері сәйкес келмей жатқан кездері болған, ал бұл нұсқаулық осы мәсе­лені шешуге арналған» дейді мамандар. Әзірге аталған курс­тарда мұғалімдер ғана оқып жүр, бірақ жергілікті жер­лер­де ұстаз бен мектеп директорының арасында түсініспеу­шіліктер орнап, енді жаңа оқу жылынан бастап мектеп дирек­торлары да арнайы курстардан өтпек.
Берік АСУБАЕВ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қалалық филиалының директоры:
– Мектеп директорларына арналған курстардың бағдарламалары дайын тұр. Олар да үш ай оқитын бола­ды. Курс соңында емтихан тапсырып, өткендерінің жала­қыларына үстемеақы төленеді. Ұстаздың біліктілігі жоға­ры­лаған сайын мектеп басшысының да біліктілігі сәй­ке­сінше жоғарылауы тиіс. Негізгі бағыт беруші дирек­тор болғандықтан, бұл – өте маңызды мәселе. Мысалы, қазірдің өзінде сол баяғыдай оқушыларға  жаппай сабақ түсіндіріп, оларға тек тыңдауға ғана рұқсат беріледі. Дұрыс емес, оқушы сөйлеуі тиіс, өз ойын жеткізе білуі ке­рек. Бізге жаңа форматтағы мұғалімдер қажет, бұл – заман талабы.


ҚР Білім және ғылым министрлігі аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында мұғалім мамандығын кәсібилік тұрғысынан дамыту үшін игі шараларды жүзеге асыруда. Мәселен, мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Үкіметтің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 232 Қаулысына сәйкес, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі Ұлттық орталық – «Өрлеу» акционерлік қоғамы құрылды. Қазіргі таңда сабақ беру мен оқытудағы жаңа әдістерді және үзіліссіз өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етуге  бағытталған бағдарлама аясында­ғы оқу сапасын Педагогикалық шеберлік орталығы қадаға­лай­ды. Айта кетейік, курстың ІІІ деңгейі, яғни базалық курс­тың сынағынан өткен мұғалімдердің жалақысына – 30 па­йыз, ІІ деңгей – негізгі курс сынағынан өткен мұғалім жалақысына – 70 пайыз, І деңгей – дамыған курс сынағынан өткен мұғалім жалақысына 100 пайыз үстемеақы төленеді. Бірақ бұл ретте келіспеушіліктер де жоқ емес сияқты:
Аягүл МИРАЗОВА, Алматы қалалық директорлар қоғамының төрайымы:
– Үш айлық курсқа тек жоғары санаттағы мұғалімдер қабылданады. Сонымен қатар мұғалімнің еңбек өтілі де бес жылдан кем болмауы керек. Сонда жас мұғалім­дері­мізге қолдау көрсету тасада қалып қоятын сыңайлы. Жаңа келген мұғалімнің жалақысы төмен екені анық. Ал курстан барлық мұғалімдердің толық өтіп шығуына бірнеше жыл керек. Сондықтан ұстаздардың айлығын күнкөрісіне жететіндей етіп көтеру мәселесі қарастырылса.

Жалпы, үш айлық курсқа баратын мұғалімдерді жіберуді мектепішілік жиналыс шешеді. Алайда мұғалімдердің құжат­тары дұрыс болмай, тыңдаушылар тізімі де бірнеше рет өзгер­тілуге тура келеді екен. Осындай келеңсіз жайттар­дың алдын алып, мектеп директорлары мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға қызығушылық танытса, кәсіби дайын­дығы жоғары мұғалімнің мектепке әкелер жемісі де мол болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста