Жаңадан енгізіліп жатқан карантин вирустың шарықтау шегін күзге дейін созып жібермей ме, деген сұраққа денсаулық сақтау министрі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жауап берді.
"Егер қазір жұқтыру деңгейін төмендету үшін шаралар қолданбаса, яғни қатаң шектеу шараларын жүргізбесе, онда бізде науқастар саны қазіргіден әлдеқайда көп болады. Біздің басты міндетіміз-науқастар санын барынша азайтып эпидемиологиялық маусымға шығу", - деп түсіндірді Цой.
Министр қазіргі карантин денсаулық сақтау жүйесіне күзде пациенттерді толық қабылдауға дайындалуға көмектеседі деп атап өтті.
"Кереует қоры жеткілікті болу үшін және науқастанғандардың саны тұрақтандыру үшін керек", - деп нақтылады Цой.