Енді еліміздегі шылым сататын сауда орындарына «Біз 18-ге толмағандарға темекі өнімдерін сатпаймыз» деген жазуы бар материалдар орналастырылады. Бұл – танымал темекі өндіруші кәсіпорындардың бірі қолға алған жаңа бағдарлама.
Зиянды затты өндірушінің өзі іске асыратын бағдарламаға сай, темекі сататын саудагерлерге арнайы дәріс беріледі. Олар кез келгенге шылымның қатерін насихаттап, оны жасөспірімдердің сатып алмауын қадағалайтын болады. Сауда орындарына арнап шығарылатын ескертпе материалдар әр жастағы адамның ерекшеліктеріне сай ақпараттармен толықтырылып, безендірілген. «Біз балалардың шылым шеккенін қаламаймыз және кәмелетке толмаған жастарды шылымнан қақпайлауды қолдаймыз. Өз мақсатымызға жету үшін біз серіктестерімізбен және басқа да тұлғаларымызбен ынтымақтасуға ниеттіміз»,– дейді бағдарламаны қолға алған British American
Tobacco Қазақстан компаниясының Корпоративтік және үкіметпен байланыс мәселелері департаментінің басшысы Ким Джабур. Темекі өндірушінің бастамасын Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының өкілдері де құп көріп отыр.
Кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды
Последние статьи автора