ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайты іздеуде жүрген адамдар туралы мәліметтерді ұсынып отыр. Бұл жерден хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар туралы да, құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүрген қылмыскерлер туралы да ақпарат алуға болады.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті мамандарының хабарлауынша, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми сайтында (www.pravstat.prokuror.kz) іздестірудегі барлық қылмыскер мен хабарсыз кеткен адамдар туралы мәліметтерге қолжетімділік ұсынылған. Адамның іздестіруде екені туралы ақпаратты кез келген жеке немесе заңды тұлға ала алады. Ол үшін сайттағы «Тұлғаларды іздестіру туралы ақпарат» бөліміне тексерілетін адамның тегін, атын, туған датасын енгізу қажет. Бұл ресурс Қазақстан Республикасында ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше өзге де мемлекеттерде іздеу салынған адамдар жайлы мәліметтер бере алады. Тексерілген тұлға іздестіруде болса, оны қандай орган және қашаннан бері іздестіріп жатқаны, іздеуді жүргізетін органның кезекші бөлімінің телефон нөмірлері, іздестірудегі тұлға жасаған қылмыстың түрі және басқа да деректер көрінеді.
Іздеуде жүргендер туралы мәліметтер базасы жарық көрді
Последние статьи автора