Испиджабтан 2600 күміс теңге табылды

Испиджабтан 2600 күміс теңге табылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында археолог ғалымдар баға жетпес тарихи жәдігер тапты. Сайрамдағы қазба жұмыстары паш еткендей, мұнда 2600 күміс теңге мен алтын бұйымдар құмыраға салынып, тандыр пешке тығылған екен. Тарихи жазбалар бойынша орта ғасырларда Испиджаб деген атпен танымал болған қала орнында Әлкей Марғұлан атындағы Археоло­гия институты ғалымдары бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
Институттың бас директоры Бауыржан Байтанаев: «Бұл заттар Қазақ хандығының қаржы-экономикалық саясатын айғақтайтын бірден-бір дүниелер», – деді.
Иә, тарихи деректерге жүгінер болсақ, Сайрамның Қазақ хандығына кірген кезеңіндегі куәгер ескерткіш­терден қалғаны осы аймақ. Әрине, мұндағы зерттеу жұмыстары көңіл қуантарлықтай. Археологтар баба­дан қалған асыл мұраны асқан ұқыптылықпен тек­серіп, зерттеп жүр.  Жер астынан жәдігер іздеушілер мон­ша орнының өте ежелгі екендігін айтып отыр.
Бауыржан БАЙТАНАЕВ, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры:
– Бұл қазына өңіріміздегі археологиялық тұрғыда табылған тұңғыш алтын қазына болып отыр. Олардың ішінде көздің жауын алатын неше түрлі білезік, моншақ, сырғалар, алтын бұйымдар бар. Мұның уақытын біз шамамен Х-ХVI ғасырлар­да жасалған деп айта аламыз.

«Ал теңгелердің қайда соғылғаны және кімдер соққаны сияқты сұрақтарға жауапты алдағы бір жылдың көлемінде нумизматтармен бірге жауап береміз», – дейді сала мамандары. «Дегенмен біразы орта ғасырдың экономикалық саясатына қатысты құнды жәдігер Сығанақта немесе Бұхарада құйылған болуы да мүмкін деген болжам айтуда.  Егер Сығанақта болса, тікелей Қазақ хандығына, ал Бұхарада соғылса, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда қатынастарына қатысты құнды жәдігер», – дейді Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қызметкері Ермахан Қалмырзаев.
Бұл құндылықтың ашылуына себепкер археолог Бауыржан Байтанаев  2011 жылы Сайрам ауданына өз жұмыстарымен барған. Сондағы Сайрам ауылының ескі қалашық үстінен сауда орнының салынып жатқанына куә болады. Тарихи мұрамыздың бүлінуіне жол бермей, нысанды тоқтатамын деген арашашы ағамыз  біраз алашапқын болған екен. Міне, осылайша төккен тердің өтеуі орындалып, төл тари­хымыз орта ғасырдағы Қазақ хандығының экономика­лық һәм тарихи жағдайына қатысты  мұралармен то­лықты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста