Орынбаева Жаннна Мұхтарқызы 1986 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Ішкі саласындағы қызмет жолын 2014 жылдан бастап, қазіргі таңда Екінші арнайы бөлімнің инспекторы полиция капитаны шенінде. Қызметіне деген адалдығының арқасында Ішкі істер министрі мен Департамент басшылығынан түрлі алғыс хаттармен марапатталып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жанна Мұхтарқызының он саусағынан өнер тамған іскер шебер екенін бірі білсе бірі білмейді. Бос уақыты туындай қалса моншақтардан қыз келіншектерге арналған сөмке тоқып, оны жеке кәсіпке айналдырған.
-« Әйел қауымының қашанда сұлулыққа жаны құмар. Ал моншақ тоқу өнері нәзіктікті, шыдамдылықты және шеберлікті талап етеді. Ойымызда тұрған әсемдікті қолмен жасай алғанға не жетсін. Қолымнан келетін бұл өнерімді болашақта одан ары дамытып, барша нәзік жандыларға көмегім тигенін қалаймын!» - дейді полиция капитаны.
Өз ісіне шын берілген іскер маманды көктемнің айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта қызмет жолына толағай табыстар тілейміз!
Іскер капитан – Жанна
Последние статьи автора