Интернеті жоқ ел «Электронды үкіметті» қайдан іздейді?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақстандағы «Электронды үкімет» толыққанды іске қосылды. Бүгінде www.egov.kz сайтында мемлекеттік қызметтің 90 түрін қолдануға мүмкіндік бар. Алайда ел халқының тек жартысы ғана компьютермен жұмыс істей алады. Ақпараттық қоғамды қалыптастыру жолындағы мұндай айырмашылыққа Үкімет басшысы Серік Ахметовтің өзі де аң-таң.
«Электронды үкімет» халықтан «озып кетті»
Министрлер Кабинетінің кезекті мәжілісінде есеп бер­ген көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұма­ға­лиевтің хабарлауынша, бүгінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы электронды жүйеге көшірілді. Биыл аталған көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу көзделген. Демек, барлық әлеуметтік қызметтер тек электронды түрде ғана көрсетіледі. «Электронды үкі­мет­тің» арқасында қазірдің өзінде заңды тұлғаларды тір­кеу мерзімі 30 күннен бір күнге дейін азайды. Сол сияқты же­ке кәсіпкерлерді тіркеу уақыты 5-30 күннен бір тәулікке қысқарды. Былтырдан бастап барлық лицензиялар тек элек­трон­ды түрде ғана дайындалады», – дейді А.Жұ­ма­­ға­лиев. Соған қарамастан, халықтың басым бөлігі мем­ле­­кет­тің электронды қызметтерін қолдана алмай отыр. Се­­­бебі қазақстандықтардың 51,7 пайызы ғана компью­тер­­ді біле­ді. Бұған аң-таң болған Үкімет басшысы Серік Ахметов:
– Біз «Электронды үкіметті» құру жұмысын аяқтайын деп жатырмыз. Ал халықтың компьютерлік сауаттылығы 51 пайызды құрап отыр. Сонда электронды қызметтерді енгізу және оны қолдану арасында үлкен айырмашылық бар болып тұр ғой?! Маған берген ақпаратқа сәйкес, сіздер (министрлік – авт.) 2020 жылға қарай қазақстан­дық­тардың компьютерді білу деңгейін 90 пайызға жеткізу­ді көздеп отырсыздар.
  Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
– 80 пайызға дейін жететін шығармыз. (А.Жұмағалиев)
– Қай жылға дейін? (С.Ахметов)
– «А-а-а, 20-сыншы, 20-сыншы жылға дейін...инфрақұрылым бағдарламасына сәйкес... «Ақпараттық Қазақстан» бағдар­ламасына сәйкес...
– Неге олай жоспарлап отырсыз? (С.Ахметов)
– Енді біз барлығын жылдам жасауға тырысамыз, Серік Нығметұлы, компьютер­лік сауаттылықты арттыру жағынан бізде нақты жоспарлар бар. Әрине, бұл жұмыс­ты қысқа уақыттың ішінде жасауға ұмтыла­мыз. Қазірдің өзінде «Электронды үкімет­тің» қызметтерін кеңінен қолданып жатыр. Биыл электронды қызметтерді 12 миллион рет ұсынамыз деген жоспар бар. Оның өзі – үлкен көрсеткіш. Халыққа қызмет көр­сету орталықтары... онда біз электронды қыз­метті 15 млн рет ұсынбақпыз... бұл елді үйретіп жатқан негізгі жүйе...және....
Осылай шұбырта жөнелген министрдің сөзін бөлген Үкімет басшысы «12-15 мил­лион деген аз ба, көп пе?» деген сауалды төтесінен қойды. «Енді қарап көрейікші, бізде жұмыс істейтін 8,5 млн халық бар. Дұрыс па? Олар жылына бір-екі рет элек­тронды қызметті қолданып, салық немесе мекенжай туралы анықтаманы алса да, соның өзінде электронды түрде ұсынылған қызметтердің саны 30 млн-ға дейін бар­май ма?! Демек, бәрібір халықтың тең жар­тысы халыққа қызмет көрсету орта­лық­та­рына барып, кезекке тұрады. Сон­дық­тан бір-ақ сұраққа жауап беріңізші, электронды қызметтерді енгізу және оны қолдану арасындағы «айырмашылықты» қалай қысқартуға болады? Әрине, мем­лекеттік қызметтердің электронды нұсқа­сын енгізу жағынан біз (Үкімет – авт.) алға шығып кеттік. Енді оны қолданатын азамат­тар, қарапайым халық оған қалай жете алады? Сіз білім министрімен бірге оты­рып, бұл жұмысты қалай жоспарлау қа­жет­тігін түсініп алуыңыз қажет. 2020 жыл­ға дейін компьютерлік сауаттылықты 80 пайызға жеткізу, бұл – тым төмен көрсет­кіш», – деп қадап айтты С.Ахметов. А.Жұ­мағалиев болса, бұл сауалға тұшымды жауап бере алмағаннан кейін тиісті ұсы­ныстардың барын алға тартып, оны алда­ғы уақытта Үкіметтің қарауына беремін деп «ақталды».
«Е-үкіметті» енгізу жұмысында негізгі үш проблема бар
Негізі, компьютерлік сауаттылықты арт­тыру жұмысына Білім және ғылым ми­нистрлігі жауапты. Сондықтан С.Ахме­тов келесі кезекте министр Бақытжан Жұмағұ­ловты тыңдап шықты. Оның айтуынша, бү­гінде «e-learning» атты электронды оқыту жобасы 581 мекемені қамтиды. Білім бе­рудің мемлекеттік бағдарламасына сәй­кес, 2015 жылға қарай оған барлық білім беру мекемелерінің 50 пайызы қосылуы тиіс. Ал 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 90 пайызға дейін жетуі керек. «Қазіргі кез­де әлем бойынша электронды оқыту жү­йе­сінің даму қарқыны қатты. Осыған бай­ланысты «e-learning» жобасын 2020 жыл­ға дейін емес, 2016 жылға қарай тездетіп енгізу керек. Біз аталған жүйені жедел түр­де іске асырудың нақты есебін жасап шық­тық. Осының арқасында оқытудың элек­трон­ды жүйесін қысқа мерзімнің ішінде аяқтауға болады», – дейді Б.Жұмағұлов мырза.
Дей тұрғанмен, ақпараттық техноло­гия­лар саласындағы сарапшы мамандар­дың айтуынша, Қазақстанда «Электронды үкіметті» енгізуге халықтың компьютерлік білім беру деңгейі ғана кедергі болып от­ыр­ған жоқ. «Негізі, бұл салада негізгі үш проб­лема бар. Біріншіден, Астанада ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша мемле­кет­тік қызметтерді электронды түрде пай­да­лану көрсеткіші төмен. Себебі халық оған әлі толықтай дайын емес. Мәселен, бүгінде Астана тұрғындарының 68,8 па­йызында интернет бар. Бірақ олардың ба­сым бөлігі ғаламторды тек хат жіберу, ойын ойнау, музыка, фото мен фильмдерді жүктеу үшін ғана қолданатындарын раста­ды. Демек, біз интернеттің барлық мүмкін­дік­терін пайдаланып жатқан жоқпыз. Екін­шіден, интернеттің бағасы тым қымбат. Бүгінде жетекші оператордың орташа ба­ға­сы – айына 4 мың теңге. Халықтың 30 па­йызы ондай төлемақыны көтере алмай отыр. Үшіншіден, мемлекеттік қызметкер­лердің көбісі электронды жүйенің енгізі­луімен қызмет орнымнан айырылып қала­мын деп қорқады. Сондықтан электронды қызметтерді дамытуда құлықсыздық танытып жатады. Олай болмау керек. Біз бір нәрсені түсініп алуымыз қажет. Элек­тронды жүйенің енгізілуімен бізде қосым­ша уақыт пайда болады. Біз оны басқа шар­­уаларға тиімді пайдалана аламыз», – дей­ді сарапшы Дәурен Топаев.

Р.S.
Бүгінгі жастар мобильді ғаламторды кеңінен қолданып жүр. Қызметтің осы түрін 10 млн қазақстандық азамат қолданады. Осыған байланысты Көлік және коммуникациялар министрлігі «Электронды үкіметтің» «ұялы» жүйесін әзірлеп шықпақшы. «Біз электронды нұсқадағы барлық мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымшаға ауыстырамыз. Соның арқасында «Электронды үкіметтің» халықтың арасындағы кеңінен қолданылуын қамтамасыз етпекпіз», – дейді А.Жұмағалиев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста