Еліміздегі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіның басшысы ауысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Марат Қарабаев индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
"Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің бұйрығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Осыған дейін инфрақұрылымды дамыту министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған Қанат Байтов қызметінен босатылды.