Иегінің астында не болып жатқанын елші білмеуі мүмкін бе?

Иегінің астында не болып жатқанын елші білмеуі мүмкін бе?

Елшіліктер мемлекетаралық мәселелерді, дипломатиялық қатынастарды, еліміздегі азаматта­рының құқықтарын қорғауды, олар­дың келіп-кетуін, оқып, білім алуын, кәсіппен айналысуын т.б мәселелерін қадағалап отыруы тиіс. Десек те, еліміздегі кейбір елшіліктер екі елдің арасындағы дип­ло­матиялық мүдделерден де үстін мақ­сат­тарға қол созып, мәдени шаралар өткізіп, өз елінің әдет-ғұрпын, салт-санасын, ән мен күйін таныстыру, насихаттау мақсатында жұмыс жасап жатыр. Бірақ мұндай мақсаттар кей жағдайда діни астарға ұласып, діни экспансияға айналып бара жатқан жоқ па? Біз бүгінгі мәселенің жібін осы ойдың айналасында ұршықша иіріп, көзбен көрген бір жайт арқылы мәселе көтеріп көрсек...

Мәдени орталық па, миссионерлік ұйым ба?
Мәселен, Сауд Арабиясы Ко­рольды­ғы ел­ші­лігі тек диплома­тия­лық мақсатта емес, мә­дени-ағарту бағытында да жұмыс жасауды көз­дей­ді. Сол үшін де елшілік жанынан арнайы мә­дени орталық ашылған. Бұған дейін бірнеше мәрте сын садағына ілінген осы мәдени орта­лық арабтардың мәдениетін дәріптеп, тілін үй­рету мақсатында ғана жұмыс жасап жатыр ма? Осы­ны білмек болып, Елшілік жа­ны­н­дағы мә­дени орталыққа ат басын бұрдық. Бірден қо­ғам тарапынан жиі сыналатын шоқша сақал­ды­лар һәм шолақ балақтылар, арабтық дәс­түр­мен оранатын арулар көзге түсті. Ор­талық­тың бұқарамен жұ­мыс жасайтын күндері­нің кестесін қарап отырып, дүйсенбі, сейсенбі, сәр­сенбі күндері – ер-азаматтарға, ал бей­сенбі, жұма, сенбі қыз-келіншектерге арналған діни сабақтар өтетінін біліп кері қайттық. Ертесі күні мәдени орталықтың дәрісіне қатыстық. Жи­налған жа­ма­ғат арасында жас та, егде де бар. Дені – қазақ ұлтының өкілдері. Пай­ғам­бары­мыздың ғұмыры жай­лы уағыз басталды. Бірақ адам­гер­шілік, имандылық, ізгілік жайлы емес, соғыс тақырыбы. Біз тура сон­­дай тақы­рып­қа орайласқан күнге түстік пе деп ойлайын десек, отыр­ғандардың пікірлері мен сұ­рақ­та­ры­на қарап, ақида сабағының өзегі жиһад та­қы­­рыбы екені аңғарылып қалды.  Бір сағатқа со­зыл­ған уағыз­да көптеген мәселелер айтыл­ды. Оның бәрін тізіп жатудың қажеттілігі бола қоймас. Десек те, бізді «бұл орталықта айтылатын әңгімелердің діни маңызы, маз­мұны, астары бар ма? Діни астар бол­ды деген сөз, ол мәдени байла­ныс емес, мис­сио­нерлік ұйымға ай­налып кетпей ме?» де­ген сауал­дар мазалады. Сол үшін де дик­то­фо­нымызға жазылған жазбаларды сара­лап беру үшін фи­лософия және тео­логия ғылым­дарының док­торы Досай Кен­жетай ағамызға жүгіндік.
Досай КЕНЖЕТАЙ, Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы:
– Сіздер ұсынған жазбаны толығымен тыңдап шықтым. Мұны табиғатына қарап, бірден діни уағыз деп бағалауға болады. Салафилік тенденция байқалады. Уағыз айту­шы заманға сай ижтихад жасағысы ке­леді. Әңгімелерінің арасында ғұламалары­на сілтеме жасап отырады екен. Аңғар­ға­ным – уағызшы екі мәселені әңгімелеуде. Бі­рін­шісі – пайғамбарымыз Аср намазын қа­лай қаза етіп алғаны және оған не себеп бол­ғаны... Екіншіден, хадистерде айтыла­тын орнынан тұрып құрмет көрсету мен көр­сетпеу мәселелері сөз болған. Бұл мә­се­ле төңірегінде уағызшы пайғамбардың екі хадисінің қайшылығын айтып, соған лайық үкім береді. Уағызды тыңдап оты­рып, бұлардың хадистерді қайтадан тал­дағысы келетінін аңғардым. Бұл неге әке­л­е­ді? Ислам ғылымында дінге қатысты хадистерді ғана негізге алып, дүниетаным мен салт-дәстүрмен байланысты хадистер­ді «ахли-рей» деп ақылға салып бөлек қа­растырады. Мына жердегі тенденция осы қалыптасқан үрдісті бұзып, арабизацияға бет алғаны көрініп тұр. Оның айғағы ре­тінде аталған уағыздағы қазақы дәстүрді, қазақы исламды жоққа шығарудан-ақ аң­ғаруға болады.

Ресми дипломатия миссионерлік жұмысқа айналып кетпеуі керек
Елшіліктің жанындағы мәдени орта­лық­­тың уағыз жүргізуі қаншалықты заңды? Ендігі сауал осы болса керек... Мемлекет­ара­лық дипломатия, екіжақты ынтымақ­тас­тыққа қатысты келісімге орай тараптар өз елдерінің мәдениетін, тарихын, тілін на­сихаттауға құқылы. Бірақ астары бол­мауы керек. Біз осы жайтты ескере отырып, ма­мандарға қолда бар деректерді ұсынға­ны­мызда бәрі де діни астардың бар екеніне келіп тіреле берді. Олардың дені «егер де елшілік және елшілік жанындағы мәдени орталықтар өз елдерінің азаматтарына не айтса да, қандай идеология жүргізсе де құқылы, ал бірде-бір қазақстандықтың ішкі сеніміне қол сұғуға, оларды діни ба­ғыт­та оқытуына хақы жоқ» дейді. Өйткені рес­ми дипломатия миссионерлік жұмысқа ай­налып кетпеуі керек. Бұл тәуелсіз елдің се­німіне қол сұққанмен бірдей.
Мұрат ӘУЕЗОВ, мемлекет қайраткері, Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған:
– Елшілік қызметкерлерінің басты мін­деті – екі мемлекет арасындағы диплома­тия­лық мәселелерді шешу. Заңымызда еліміздің ішкі саясатына олар­дың ара­ласуы­на хақы жоқ екені анық жазылған. Дүниежүзінің кез келген мемлекетінде ел­шілік қызметкерлер діни миссионерлік қыз­мет атқармайды. Мә­дени-ағартушы­лық бағытындағы жұмыс­тардың өзі екі ел ара­сындағы келісімшарт негізінде жүзеге асы­рылуы тиіс. Сондықтан да мұндай бел­гілер байқалып жатса, еліміз­дегі құзыретті орган­дар, Сыртқы істер ми­нистр­лігі мәсе­ле­нің мән-жайына барып тек­серуі керек деп ойлаймын.

Заңымыз не дейді?
«Діни қызмет және діни бірлестіктер ту­ралы» Заңымызда жергілікті және шетел­дік миссионерлер жыл сайын Әділет ми­нистрлігінде тіркеліп, діни ұйымдарға мү­шелігі, миссионерлік қызмет ету аймағы мен мерзімі туралы мәлімет беріп  отыруы тиіс. Бұл – бір. Елшілік жанындағы мәдени ор­талық осы міндетті атқарып отыр ма? Екін­шіден, дінді уағыздаушы тұлға (немесе ор­талық) өзіне қаржылай қолдау көр­се­те­тін ұйымның тіркелгенін растайтын ресми құ­жат пен сол ұйымның атынан жұмыс іс­теу­ге рұқсат қағазын көрсетуі тиіс. Мәдени ор­талықтың ондай рұқсат қағазы бар ма? Үшін­шіден, Конституцияның талабы бо­йын­ша, шетелдік діни бірлестіктер өз ұйым басыларын тағайындауды қоса алғанда өзінің қызметін «тиісті мемлекеттік басқар­ма­лармен келісе» отырып атқаруы қажет. Бұл мәдени орталық осы міндетті ұмыт қал­дырған жоқ па? Сонымен бірге біздің за­ңымызда шетел азаматтарына діни ұйым құруға болмайтыны жазылған. Демек, шет­елдіктерге діни ұйым құруды шектейтін заңы­мыз елшіліктің жанынан діни қос тігуді қолдай қоюы екіталай. Сол себепті де кө­ңілдегі күпті сұрақтарға жауап алмақ бо­лып, елшілікке хабарласып, Сауд Арабиясы Ко­рольдығының Қазақстандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Абдул Маджид Абдур-Раззак Хакиммен тілмаш арқылы тіл­дестік. Елші елшіліктің қасындағы мәде­ни орталықтың заң аясында жұмыс жасап жат­қанын айтты. Біз өз тарапымыздан тағы да «Елшілік жанындағы мәдени орталық­тың діни уағыз жүргізуге құқығы бар ма?» де­ген сауал қойдық. Бірақ қойылған сұ­рақ­қа елші нақты жауап бермеді.
Жалпы жағдайымыз қалай?
Әрине, бір ғана елшіліктің жанынан ашылған мәдени орталықтан көргенімізді сөз етіп отырмыз. Жалпылама, қоғамымыз­да­ғы жағдай қандай? Басқа елшіліктерде де осындай сыпат бар шығар. Бұл жөнінде біл­мек болып, дінтанушы Мұқан Исаханға ха­барласқан едік.
Мұқан ИСАХАН, дінтанушы:
– Діни қызмет және діни ұйымдар туралы жаңадан қабылданған заңымызда шетелдік азаматтар діни сипатта уағыз айтатын болса, міндетті түрде миссионерлік лицензия алуы керектігі жазылған. Мис­сио­нер­лік лицензиясы болса, оның уағыз жүр­гізуі заңды болып есептеледі. Ал елшіліктің қыз­метіне келсек, олар өз елінің тілін үй­рете­мін деген желеумен мәдени орталық­тар ашып алып, діни мазмұндағы уағыз жасауы мүмкін. Қазіргі заң бойынша олар­ға толығымен тыйым салынған. Мәсе­лен, қазір мен Нұр-Мүбәрәк университе­тін­де қызмет етіп жүрмін. Мұнда көбіне Египет­тен келген ұстаздар дәріс оқиды. Олар жұ­ма күні университеттің жанындағы мешітте уа­ғыз айтатын еді. Мен оларға еліміздің заңы бойынша басқа мемлекеттің азамат­та­ры халық көп жиналатын жерде уағыз айтуға құқығы жоқ екенін түсіндірдім. Мұны неге айтып отырмын? Біздің тұрғын­дар заңды жақсы білсе, мұндай жағдайдың бірі де болмас еді.

Түйін
Біз көзбен көргенді сөз етіп отырмыз. Елшілік жанындағы мәдени орталықтың жұмысы қаншалықты заңға сай, қаншалықты дұрыс екенін арнайы органдар тексеруі керек. Тек бұл елшілікпен ғана шектеліп қалмай, өзгелерге де назар аударған жөн. Қазір ресми дерек бойынша, әлемнің 30-ға жуық елінде Қазақстанның елшілігі жұмыс жасаса, 40 астам өзге елдің елшіліктері қазақ жерінде дипломатиялық қарым-қатынастарын жүйелеп отыр екен. Демек, сол 40-тан астам елшіліктің ісін, атқарған шаруасын назарда ұстауымыз қажет. Әйтпесе салт пен санаға, әдет пен ғұрыпқа, жалпы, қазақы түсінік пен танымға қарсы қазақ көбейе бермек. Сіз не дейсіз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста