Hyundai зауытын құрған кезде ҚР билігі ЕАЭО жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны туралы мәлім болды

Қазақстанның Үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жөніндегі міндеттемелерді бұза отырып, Алматыдағы Hyundai зауытына жеңілдіктер жасаған. Бұл туралы танымал қазақстандық журналист Михаил Козачков жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTag порталына сілтеме жасап. 

"Ашығын айтар болсақ,  Алматыда "Астана Моторсқа" тиесілі Hyundai өндірісі ашылғанына ұзақ уақыт болған жоқ. (&hellip) Бұған мекеменің өз ақшасы (30%) және несие ретінде алынған қаражат (Қазақстанның даму банкі және Өндірісті дамыту қоры) жұмсалған. Бірақ 2019 жылғы шарт бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми бөлген преференциялар да бар. Барлығына қол қойылған, мөрлері бар, сұрақтар болмауы тиіс. Дегенмен мұнда да кемшіліктер баршылық. ЕАЭО-тың 2014 жылғы 14 мамырдағы шешімі бойынша Қазақстан Республикасы осы шешім күшіне енгенге дейін келісімдер жасаған заңды тұлғалармен көптарапты келісімдерді қоспағанда, тауарлық позициялары 8703 ТН ВЭД ТС моторлы көлік құралдарын өндірістік құрастыру жөнінде жаңа келісімдер жасауды тоқтатқан", - деп Козачков әлеуметтік желідегі парақшасында.

 
Ол құжатқа бұрынғы экс-премьер-министр Бақытжан Сағынтаев (қазір Алматының әкімі) қол қойғанын нақтылады.

"Былайша айтқанда, біздің үкімет ЕАЭО жөніндегі серіктестерге жеңіл автомобильдер өндірісін енді ынталандырмайтыны туралы уәде берген. Дегенмен айтып отырғанымз бұған дейін жасалған "СарыарқаАвтоПромом" және "АЗИЯАВТО" келісімшарттарға қатысты емес. Алайда Hyundai Trans Kazakhstan-ның 2014 жылға дейін үкіметпен келісімдері мүлдем болмаған. Ұйымның өзі 2018 жылы тіркелген  болса, олар бұл шартқа қалай қол қойып жүр? Мұның мен жауабын айтайын: "СарыарқаАвтоПром" ЖШС-нің 2010 жылдан бастап 2017 жылды қоса алғанда Қытайдың Jac S3-ін өндіруге арналған келісімі естеріңізде ме? Оны үш жылға ұзартып, 2019 жылы осы келісімге тағы да бір тарапты - Hyundai Accent моделі бар "Hyundai Trans Kazakhstan" ЖШС-ін қосқан. Бұрын құжатта тек Jac S3 моделі жазылса, ал енді оған Accent те енгізілген",- деп нақтылады журналист.

Журналисттің сөзіне сүйенсек, ИИДМ тарапынан жаңа құжатқа вице-министр Аманияз Ержанов өзі қол қойған.

"Қысқаша айтсақ, қалауын тапса, қар жанар деген. Біреулер кәсіпорын ашса, басқалары преференциялар бөліп және кедендік жеңілдіктер түріндегі әртүрлі игіліктермен қамтасыз етеді. Тоқ етерін айтқанда, "Астана Моторстың" өзінің үздік зауытын салуға мемлекет көмектескен. Ашылу салтанатына келген "ағалар" тағы да ең жоғары жаққа жаңа жұмыс орындары құрылғанына, салықтар, қосымша алымдар түсетін кәсіпорынның ашылғанына дән риза болып қайтты. Расы рас қой, алайда таяқтың екі ұшы бар демекші, ЕАЭО жөніндегі серіктестер тұрғысынан қарасақ, жағдай мүлдем ыңғайсыз. Абырой болғанда, Белоруссия, Қырғызстан және Армения сынды одақтас мемлекеттердің  бізге қарауға мұршалары болмай жатыр. Мәскеу де бұны байқамаған сыңайлы. Болар іс болды - бояуы сіңді. Бұл отандық автоөндіріс саласының дамуының бір тұсы ғана", - деп қорытындылады Козачков.

Еске салайық, бұған дейін "АЗИЯ АВТО" ұйымының басшысы Ерік Сағымбаев ТЖ жағдай уақытында, 11 сәуір күні министрліктен өндірістік келісімшарттың бұзылатын жайлы хабарлама алғанын мәлім еткен. Десек те келісімшарттың мерзімі аяқталуға әлі ерте екен. 

"Біз өз міндеттемелерімізді білеміз. Осы уақытқа дейін инвестицияның 80%-ы орындалды, бұл инвестиция - біздің өз қаражатымыз: мемлекеттен бір тиын да жоқ. Біз айтылған қаражатты өзіміз тауып, өзіміз құйып отыруымыз қажет еді. Біз келісім бойынша жұмыс атқаруымыз керек. Желтоқсан айында зауыт жаңа құрал-жабдықтарды қабуылдауға дайын болады. Келісім бойынша 2020жылдың 31 желтоқсанына дейін міндеттерімізді орындау қажет болатын. Алайда үкімет қарсылығын келісім аяқталуына сегіз ай бұрын, сәуірде білдіріп отыр. Сәуірде талаптар қойылмай жатып, министрліктегілер барлық мемлекеттік органдарға келісімшарттың бұзылғаны жайлы хабарлама жіберіп үлгерген", -деді Сағымбаев. 

Сондай-ақ, ол "АЗИЯ АВТО" жабылған жағдайда 4 мыңнан астам адам жұмыссыз қалатынын ескертті.

20 қазанда журналист Михаил Козачков "АЗИЯ АВТО" және «СарыақаАвтоПром» компанияларымен келісімдер жасаған кезде Қазақстанның билігі қосарлы стандарттарды қолданғанын айтқан болатын. Сөзінше, келісімшарттағы қателіктер тайға таңбай басқандай көрінеді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста