2022жылдың 28қыркүйегінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының кинозалында Scopus(Elsevier) және Web of Science(Clearivate Analitics)халықаралық дерекқорларымен, олардың Elsevier journal finder Mindeley және т.б.қосымшаларымен:сондай-ақ ResearchGate Google Scholar, ORCID және т.б ғылыми әлеуметтік желілермен танысу бойынша семинар өтті. Негізгі ұйымдастырушы: ғылыми-редакциялық бөлім. Дәрістің басты мақсаты-ғылыми әлеуметтік желілерімен танысу. Кафедра меңгерушілері, профессор оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар тренингқа қатысты.
Көтерілген мәселелер:
Scopus және Web of science базаларына тіркелу.
Базаларда журналдар мен авторларды іздеу.
Журнал квартетін анықтау.
Автордың h-Index анықтау.
Журналдың импакт-факторын анықтау.
Сонымен қатар Google Scholar,ORSID ғылыми әлеуметтік желілерде тіркелу мақалаларды орналастыру мәселелері қозғалды. Қатысушылардың арасында түрлі пікірталастар орын алды. Семинар жоғарғы деңгейде, қамтыған тақырып өзекті түрде өтті.
Жакен Айшуақ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының 1 курс студенті.