Гүл дүкенінің ашылуына орай ұтыс ойнатқан: Нұр-Сұлтанда халықтың жаппай жиналуына себепші болғандар полиция бөліміне жеткізілді

Гүл дүкенінің ашылуына орай ұтыс ойнатқан: Нұр-Сұлтанда халықтың жаппай жиналуына себепші болғандар полиция бөліміне жеткізілді

Нұр-Сұлтанда жаңадан гүл сататын дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған ұтыс халықтың жаппай жиналып, жолдағы ұзын-сонар кептеліске ұласты. Іс-шараны ұйымдастырушылар полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Есіл аудандық әкімдігі мен полиция мамандарынан құралған мониторингтік топ 2000-нан астам адамның қатысуымен өткен іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзу фактісін анықтады. Ұйымдастырушылар не болып жатқанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Шектеу шаралары нақты бұзылғандықтан арада бір сағат өткен соң шара тоқтатылды.

 
"Үйлестіру орталығының ақпараты (шұғыл хабарлама) негізінде Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында заң бұзушылық фактісі расталып, кәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республиканың Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қолдану үшін 8 ақпанда кеңсеге келуге шақыру қағазы тапсырылды", - деді қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері. 

Қазіргі таңда халықтың жаппай жиналуына түрткі болған дүкен басшылығы полиция бөліміне жеткізілді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста