Генерал Күдебаев қалай қашып кетті? ІІМ басшысының орынбасарына сұрақ қойылды

Генерал Күдебаев қалай қашып кетті? ІІМ басшысының орынбасарына сұрақ қойылды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал Серік Күдебаев қалай қашып кеткені сұралды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ОКҚ брифингінде журналист қанша тұтқын қамаудан қашқаны, оның ішінде Күдебаевтың қашуы туралы сұрады.

 

"Бұл жерде түсініктерді шатастырмаңыз. Генерал Күдебаев қамауда болған жоқ және бұл іс бойынша оның бұлтартпау шарасына полиция жауапты емес, ол үшін басқа бұлтартпау шарасы таңдалды. Әңгіме қамаудан қашу туралы болып отыр, мен өз баяндамамда айтқанымдай, 11 деректің жолы кесілді.

Ұмытпасам, биыл елімізде бас бостандығынан айыру орындарынан қашудың үш дерегі тіркеліп, үшеуі де (қашқындар. – еск.) бір тәулікте дерлік анықталып, бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. Генерал Күдебаев түрмеде болған жоқ", - деп жауап берді Қожаев ОКҚ брифингінде.

 

"Тергеу органдары оны қадағаламады ма? Ол қамауға алынды ғой, бақылау болуы керек емес пе еді", - деп сұрады журналист.

 

Марат Қожаев сұраққа жауап бермей, брифинг тақырыбына көшуді өтінді.

 

"Бүгінгі брифинг тақырыбы жайында айтайық. Үнемі мені..." - деп сөзін аяқтамады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста