Ресейлік ФСБ (Федералды қауіпсіздік қызметі) ҰҚК экс-төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевты «терористік акт» жасады деп айыптады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Nege.kz telegram-арнасы хабарлады.
«ҚазМұнайГаз»(QazaqGaz – Ред.) ұлттық компаниясының жекелеген кәсіпкерлерінің арқасында еліміз халықаралық жанжалға тап болып, тіпті Ресей тарапының Қазақстанды тағы да ауыр кінәлауына негіз болады» делінген хабарламада.
Арна жариялаған құжаттарға сәйкес, Украинаға қазақстандық мұнайды сату схемасын көруге болады. Бұл схема QazaqGaz-дың Румыниядағы еншілес кәсіпорны Rompetrol арқылы көрсетілген. Қазір бұл құрылымды KMG International басқарады.
Бұл Ресей Федерациясының арнайы қызметінің құжаттарында оқиғаға қатысты менеджерлердің аты-жөндері де көрсетілген. Олар – Жасұлан Сейдахметов, Жанғұлов және Арлан Шабдарбаев. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың ұлы Арлан Шабдарбаевтың QazaqGaz жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істегені белгілі. Қазақстандық шенеуніктерге Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің «террорлық акт» және «қылмыстық қоғамдастық құру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ресей ФСБ тергеу басқармасы бастығының орынбасары Михаил Савицкийдің қолы қойылған құжатта Шабдарбаев пен Жанғұловтың қылмыстық істері ашылғаны туралы көрсетілген.
«Ресей ФСБ тергеу басқармасы РФ ҚІЖК 144, 145-баптарына сәйкес, азаматтар А.А. Шардарбаев пен А.А. Жанғұловтың қылмысы туралы сіздің өтінішіңізді тексерді.
2022 жылғы 8 маусымда тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарылды.
Сіз қабылдаған процессуалдық шешіммен келіспеген жағдайда – тергеу органының басшысына, прокурорға немесе сотқа, Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 124 немесе 125-баптарында белгіленген тәртіппен шағымдана аласыз.
Қосымша: 2022 жылғы 8 маусымнан бастап қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі, 4 парақта, құпия» делінген құжатта.