Француздар құрт пен қымызға қызығып отыр

Француздар құрт пен қымызға қызығып отыр

Қазақтың ұлттық тағамына еуропалықтардың да тәбеті ояна бастаған сыңайлы. Француз ғалымы Луи Пастердің 200 жылдығына орай Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ZOOM платформасында өткен ғылыми бейнеконференцияда француз ғалымдары құрт пен қымызды халықаралық ұлттық тағамдар кітабына енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Еgemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Пастер-ферментация» халық­аралық жобасын қорытындылауға арналған бейнеконференцияға Фран­цияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс, Жюль Греви колледжінің директоры Катрин Меснье, аталған жобаның жетекшісі профессор Даниэль Райшварг және Назарбаев зияткерлік мектебі мен Полиньи мектебінің оқушылары қатысты.

 

 

 

Ғылыми жоба барысында екі елдің оқушылары тағам өнеркәсібіндегі химиялық трансформациялар туралы білімдерін жетілдіріп, ірімшік пен сүт қышқылын өндірудегі ашыту үдерістері төңірегінде тәжірибе алмасты.

 

–  Аталған жоба аясында н­егізінен ұлттық тағамдардың құрамын, дайындалу әдістерін, оның адам денсаулығына қаншалықты пайдалы немесе зиянды екенін зерттедік. Біз құрт, қымыз, ірімшік сияқты ұлттық тағамдардың экологиялық таза, табиғи өнім екенін ғылыми жолмен дәлелдеп шықтық. Полиньи мектебінің оқушыларымен биология, химия және басқа да салалар бойын­ша тәжірибе алмасып, білімімізді арттырдық. «Пастер-ферментация» халықаралық жобасының жетекшісі, профессор Даниэль Райшварг біз жүргізген сүт өнімдеріне қатысты зерттеу жұмыстарын жоғары бағалап, қымыз бен құртты халықаралық ұлт­тық тағамдар кітабына енгізетінін айтты. Мұны біз өз еңбегіміздің нәтижесі деп білеміз, – деді жобаға қатыс­қан 9-сынып оқушысы Дария Шунушева.

 

Конференцияның соңында Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс халықаралық ғылыми жобаға қатысқан оқушыларға алғыс айтып, екі елдің арасында өзара достық қарым-қатынас пен ғылыми-мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ елші алдағы уақытта Франциядағы жоғары оқу орындарында грант бойынша білім алғы­сы келетін НЗМ түлектеріне мүмкін- д­ігін­ше қолдау көрсететінін айтты.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста