Еуропа күні қарсаңында «Бәйтерек» пен «Нұр Әлем» Еуропалық одақ туы сияқты түске енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. «Осы күнді атап өтуге ЕО Қазақстандағы өкілдігі мен Еуроодаққа мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қызметкерлері келді»,-деп хабарлады ЕО дипломатиялық мекемесі өзінің Facebook парақшасында.
«Бүгінгі мерекеде Қазақстанды тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймыз. Қазақстан мен еуропалық Одақ арасындағы серіктестік нығая берсін!»,-деп жазды еуропалық дипломаттар.
Еуропа күні 1950 жылдан бері жыл сайын 9 мамырда аталып өтеді. Осы күні Шуман декларациясы қабылданған. Осы құжат қабылданған күннен бастап, Еуроодақтың негізі саналатын еуропалық көмір мен болат шығарыла бастады. Бүгінде Еуропалық Одақ құрамына 27 мемлекет кіретін халықаралық ұйым.
inform.kz