Ақмола полицейлері Атбасардағы жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Екі жергілікті тұрғын көшедегі итті сойып, етті үйіне алып кеткен.
"7 сәуірде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде итті байқап, оны жеуге шешім қабылдағаны анықталды. Олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін кесіп, үйлеріне алып кетті, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалды", – деп мәлімдеді Ақмола облыстық ПД.
Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Тергеу барысында иттің қалдықтары табылып, тәркіленді. Қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасуда, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтайды.