Ескерту: Астанада дауыл қайталанады

Астана әкімдігі қала тұрғындарын 23 мамырда дауылдың қайталанатыны туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

23 мамырда Астана аумағында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 25 метрге дейін күшеюіне байланысты (нормадан екі есе асып отыр) дауыл туралы ескерту жасалды. "Күндіз жаңбыр, кей жерлерде жел күшейеді. Ауа райының қолайсыздығына байланыстиы ведомство мамандары тұрғындарды сақ болуға шақырады. Қатты жел кезінде үйдегі терезелердің бәрін нықтап жабу керек. Терезесі жоқ балкондардан сыртқа құлауы мүмкін барлық затты алып тастау қажет", - делінген хабарламада. Қатты жел кезінде далада болып қалсаңыз жарнама бағаналары мен өзге де конструкциялардан, электр желісі мен ағаштардан ары болу керек. Қайғылы оқиғадан сақтану үшін барынша сақ болу қажет. Сонымен қатар, үзілген сымдар мен сыңған ағаштарға да жолауға болмайды, өйткені олар құлауы мүмкін. Қатты жел кезінде ол басылғанша жақын маңдағы ғимаратқа (дүкен, кітапхана, кинотеатр, үйдің кіре берісі болуы мүмкін) немесе ық жерге тығылу қажет. Сонымен қатар, мамандар биік ағаштар, әсіресе теректер маңында жүрмеуге әне олардың астына көлік қоймауға шақырады. сонымен қатар, шіріген немесе жалғыз тұрған ағаштар да қауіпті. Астанада бүгін сағат 14.30-ға дейін 13 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста