Есірткішілер есіріп барады

«Дельта-Долина» Ауданара­лық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлері «Кендір – 2011» операциясы барысында Жамбыл облысы Меркі ауданының Тәтті ауылы­нан 8 шақырым солтүстікте құм­ды аймағынан бұзақылығы, ұрлы­ғы үшін бұрын сотты болған 38 жасар Тараз қаласының тұр­ғынын ірі көлемді қарасорамен ұстады.
Тексеру барысында одан кептіруге қойылған 672 келі есірткі шөбі тәркіленді. Осыдан бір күн бұрын жамбылдық есірткі бизнесімен, ұйымдасқан қылмыспен күресуші полицейлер мен жол сақшылары жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу бары­сында, Шу қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан Ақтам жер телімінен ұрлығы үшін төрт мәрте сотты болған оңтүстік астананың тұрғынын бір тонна марихуана­мен ұстады.    
Шопырхан ЖАПАБАЕВ, ІІД ЕБКБ бастығы полиция полковнигі:
– Екі есірткі өндіруші де кінәларын мойындады. Екі дерек бойынша ҚР ҚК 259-баптың 3-бөлімімен (ірі көлемдегі есірткі өнімдерін заңсыз дайындау, сақтау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды. Қаскүнемдерге 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Жыл басынан бері «Кендір – 2011» операциясын өткізуде полицейлер 7,5 тоннадан астам марихуананы тәркілеп, 52 есірткі қылмысын ашты, оның ішінде 22-сі сату, үшеуі – контрабанда, төртеуі – есірткі құрамды өсімдікті егу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста