Есепке жүйрік жастар жарысты

Осы аптаның басынан бері Қарағандыда Халықаралық математикалық олимпиада – «Қазақстан 51-Халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алады» онкүндігі өтуде.

Соңғы уақыттарда қазақстандық жас математиктер көптеген ерекшеліктерімен көзге түсіп, тіпті шетелдік мамандарды да таңғалдырып келеді.  Өткен жылы республика бойынша бастау алған математикалық онкүндіктер бұл жолы Қарағандыға да келіп жетті.

«Дарын» республикалық  ғылыми-практикалық орталығы мамандарының айтуынша, жастарға арналған осындай интеллектуалдық шараны өткізуді дәстүрге айналдырып, алдағы уақытта мұндай шаралардың ауқымын бұдан ары кеңейте түсу қажет. Қарағандыдағы онкүндік сәуірдің 21-іне дейін жалғасады.
Онкүндік бағдарламасы аясында 7-8-сынып оқушылары үшін математикалық сайыс, Сібір мемлекеттік индустриялық университетімен (Новокузнецк қаласы) бірлескен аймақтық олимпиада, төменгі сынып оқушылары арасында математикадан «Бастау» байқауы, «Жоғары математика және мектеп» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция, математика мұғалімдерінің таңдаулы кәсіби жобасының облыстық конкурсы және басқа да шаралар өтеді. Бұдан кейін халықаралық математика олимпиадасының жалауы Астанаға жеткізіледі. Онда өтетін 51-Халықаралық математикалық олимпиадаға 600-ден астам адам, 300-ден астам команда жетекшілері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ әлемнің 110 елінен байқаушылар қатысады деп күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста