Атырау облысының 20 жастағы тұрғыны, ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев жақында үйленеді.
Нұржанға бес жасында дәрігерлер «прогерия», яғни терінің ерте қартаюы дертіне шалдыққаны туралы диагноз қойған. Әлемде мұндай дерт 80 адамда кездесіпті. Ал Нұржан – Қазақстанда осы ауруға шалдыққан жалғыз адам. Нұржан әлеуметтік желіде өзінің тойына шақырту билетін де жариялады. Болашақ жарының есімі Әсемгүл екен. Жас жұбайларға тек қана бақыт тілейміз!