Ерболат Досаев Алматыда АИТВ анықталғаны жөнінде: Бәрі жауап беруі керек

Ерболат Досаев Алматыда АИТВ анықталғаны жөнінде: Бәрі жауап беруі керек

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық қалалық клиникалық ауруханада үш адамның АИТВ жұқтыруына қатысты қазіргі жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ерболат Досаев әлі тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Әкім тексеру нәтижесі бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты.

"Сәйкесінше, емхана басшылары бар, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бар, тиісті шешім қабылдаймыз. Тергеу нәтижесін күтейік, содан кейін шешім шығады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр".Ерболат Досаев
Әкім соңғы жылдары бұл бағыттағы бақылаудың айтарлықтай күшейтілгенін атап өтті.

"Ережеге сәйкес, 30 күннен кейін әрбір адам міндетті түрде тиісті тест жасатуы керек. Бұл жолмен алғашында екі адам анықталды, қосымша 2 -13 маусым аралығында қалалық ЖИТС орталығы тиісті жұмыстарды жүргізіп, тағы бір жағдайды анықтады. Материалдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне тапсырылды, оған бас санитариялық дәрігер де қосылды. Комиссия жұмыс істеп жатыр. Аралық қорытындылар күні кеше жарияланды. Жұмыс жүріп жатыр, нәтижесі  хабарланады".Ерболат Досаев
Ол Денсаулық сақтау министрі болып тұрғанда 17 жыл бұрын Шымкентте балалар АИТВ жұқтырған еді, содан кейін Ерболат Досаев ведомство басшысы қызметінен кетуге шешім қабылдады.

"Содан бері 17 жыл өтті, маған бұл сұрақ анда-сонда қойылып тұрады. Мен 2006 жылы сала басшысы ретінде жауапкершілікті мойындадым. Өзімді жауапкершілігі бар адам ретінде көрсеттім деп ойлаймын. Бұл сұрақтар өзіміз анықтаған жағдайға байланысты болып тұр, Шымкентте де оны Денсаулық сақтау министрлігі дер кезінде анықтаған еді. Мұны жылдар өткен соң айтып отырмын. Жұмыс жалғасады".Ерболат Досаев

Жалпы, оның мәліметінше, АИТВ жұқтырғандар саны артып келеді.


"Негізі жұмыс жүріп жатыр, мәселе жауапкершілікте. Жалпы 2021-2022 жылдары АИТВ індетін жұқтырғандар саны өсті. 82 пайызы – жыныстық қатынас арқылы, қалғаны – есірткі қолдану арқылы. Мәселе – емханаға келді ме, әлде емхана арқылы жұқтырды ма, комиссия тексеріп жатыр. Мәселе жұмыстан шығарып жіберуде емес, бәрі өз жұмыс орнында жауап беруге тиіс.Ерболат Досаев
2023 жылғы 14 маусым күні Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) АИТВ оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтағаны мәлім болды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста