Еңбекке жарамды азаматтарымыздың өкпесі ауырады

Еңбекке жарамды азаматтарымыздың өкпесі ауырады

Елімізде туберкулезбен ауыратындардың 60 пайызы еңбек жасындағы азаматтар екен. Бұл туралы кеше Алматыда Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған баспасөз мәслихатында айтылды.

Жиынға қатысқан туберкулез проблемалары ұлттық орталығының бас дәрігері Мәлік Әденовтің айтуынша, қазір елімізде өкпе дертіне шалдыққандарды емдеу ісіне жеткілікті көңіл бөлініп отыр. Соңғы бес жыл ішінде осы індетті жұқтырғандардың қатары 28 пайызға, ал өткен жылдармен салыстырғанда адам өлімі 600 пайызға кеміген. Алайда статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде туберкулез дертін жұқтырғандардың 60 пайызы 15 пен 45 жас арасындағы еңбекке жарамды азаматтар екен. Оларды емдеп, еңбекке тарту бүгінгі күннің ең өзекті мәселесінің бірі. Алайда бұл бағыттағы жұмыстар елімізде әлі де баяу. Мәселен, қазіргі күні қай жұмысқа барсаң да, денсаулық туралы анықтама қағазын сұрайды. Мұндай жағдайда өкпе дерті бар азаматтарға өте қолайсыз болатыны анық. Себебі біздегі мекемелердің көбінде туберкулез індетін жұқтырған адамдарға арнайы жұмыс орны дайындалмаған. Ал мамандардың айтуынша, бұл саладағы жұмыстарды тек үкімет қана емес, қолынан іс келетін жеке азаматтардың да бірлесе атқаруы қажет. Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша 646 млн әйел өкпе ауруын жұқтырған. Жыл сайын жаңадан 3,1 миллионы тіркеліп отырса, 1 миллионы өкпе дертінен қаза табады. Ал Қазақстанға келер болсақ, бізде мұндай әйелдердің қатары 0,3 пайызды құрайды. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдердің бұл дертті жұқтыруына жеке бастың тазалығын сақтамау салдары, акушерлердің өз ісіне немқұрайды қарауы, басқа да жағдайлар себеп болады. Жалпы, туберкулез ауруын кез келген адам жылдам жұқтырып алуы мүмкін. Бірақ соның ішінде әсіресе аяғы ауыр әйелдерге бұл қатерлі дерт жақын тұратын көрінеді. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің жетекшісі Зейнап Базылбекованың мәліметінше, бүгінгі таңда қазақстандық 5000 отбасында өкпе ауруына шалдыққан балалар бар. Мамандардың пікірінше, олардың барлығы жыл сайын жүз пайыз тексеріліп тұруы керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста