Ең төменгі жалақы мен зейнетақы көтеріледі: 2022 жылы Қазақстанда не өзгереді

2022 жылы Қазақстанда бірқатар өзгерістер орын алады. Өзгерістер саяси, әлеуметтік және басқа да салаларды қамтиды. Stan.kz тілшісі келер жылы не өзгеретінін назарларыңызға ұсынады.

Жалақы

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде ең төменгі жалақы мөлшері ұлғаяды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 42 500 теңгені құраған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ең төменгі жалақыны 60 000 теңгеге көтеруді тапсырды. Бұл келер жылы бірқатар салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы артады дегенді білдіреді. Яғни, енді жұмыс берушілер міндетті түрде Еңбек кодексіне сәйкес азаматтарды ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде жалақымен қамтамасыз ету керек. Ең төменгі жалақының өсімі 41%-ды құрайды. 

2022 жылы Қазақстанда медициналық, әлеуметтік және азаматтық қызметкерлердің, мұғалімдердің жалақысы өседі. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы екі есеге өседі. Сонымен қатар келесі жылдан бастап мұрағат, кітапхана, мұражай қызметкерлерінің, орманшылардың, техникалық салада жұмыс істейтіндердің жалақысы артады. 2022 жылдан бастап олардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсіп, 2025 жылға қарай екі есе өседі деп жоспарлануда.

Күнкөріс деңгейі және АЕК

Жаңа жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері 5%-ға көтеріледі. Яғни, 2022 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеге болса, АЕК 3063 теңгені құрайды. Сәйкесінше, жәрдемақы мен зейнетақы көлемі де өседі. 

Жәрдемақы

2022 жылы бала босанғанда төленетін жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК немесе 116 394 теңгені құраса, төртінші және одан да көп балаларға - 63 АЕК немесе 192 969 теңге тағайындалады. 

Көп балалар аналарға берілетін жәрдемақы: 

Төрт балалы отбасыға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге;

Бес балалы отбасыға – 20,04 АЕК немесе 61 383 теңге;

Алты балалы отбасыға – 24,05 АЕК немесе 2022 жылы 73 665 теңге;

Жеті балалы отбасыға – 28,06 АЕК немесе 2022 жылы 85 948 теңгеге өседі.

Жетінші баладан кейінгі әр балаға 4 АЕК немесе 12 252 теңге қосылады. 

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы: 

2022 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:

1-топ – 69 155 теңге (1,92 күнкөріс деңгейі);

2-топ – 55 108 теңге (күнкөріс деңгейі);

3-топ – 37 459 теңге (1,04 күнкөріс деңгейі).

Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар: 

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16 АЕК немесе 49 008 теңге;
Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне – 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін немесе 14 702-ден 18 960 теңгеге дейін;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 6,19 АЕК немесе 18 690 теңге;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК, немесе 23 125 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен), қайта некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне – 4,48 АЕК, немесе 13 722 теңге;
Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілген азаматтарға – 138,63 АЕК немесе 424 624 теңге;
"Халық қаһарманы" атағы берілген адамдарға – 138,63 АЕК, немесе 424 624 теңге;
саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедек немесе зейнеткер азаматтарға – 1,07 АЕК, немесе 3 277 теңге;
Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, немесе 3 277 теңге;


Зейнетақы

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 2022 жылы 19 450 теңге болып белгіленді. Биыл бұл көрсеткіш 18 524 теңгені құрап отыр.

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеге артады. 2021 жылы бұл көрсеткіш 43 272 теңге болған. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың табысы артады.

Салықтар

2022 жылы 1 наурыздан бастап мобильді төлемдер туралы салық нормасы күшіне енеді. Заң нормасы кәсіпкерлік мақсаттағы мобильді төлемдерді жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан ажыратуға мүмкіндік береді.  Заңнамада "мобильді аударым" және "мобильді төлем" екі бөлек көрсетілген. Мобильді төлем тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. Бұл салық декларацияларында кәсіпкерлердің кірістерін дұрыс көрсетуге әкеледі. Қаржы министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік беретін жаңа салық енгізіледі. Ел арасында “Google салығы” деп аталып кеткен бұл төлемді қазақстандықтарға цифрлық тауарлары мен қызметтерін сататын әлемдік ғаламтор алпауыттары төлеуі тиіс. Яғни, енді шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанда тапқан ақшаға қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеуге міндетті болады. ҚҚС мөлшері сатылған тауарлар мен қызметтер сомасының 12%-ын құрайды.

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін салық төленеді. Енді Қазақстанда жұмыс істейтін майнерлер тұтынған әрбір 1 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 1 теңге төлеуі керек. Бұл өзгерістер Республиканың Салық кодексіне енгізілген өзгерістерде қарастырылған. Қазақстандық депутаттардың ойынша, жаңа салық цифрлық майнингті көлеңкелі бизнестен шығарады.

Басқа да өзгерістер

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дағы зейнетақының бір бөлігін пайдалану үшін бекітілген жеткіліктілік шегі өзгереді. Еске салсақ, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры келесі жылдан бастап жеткіліктілік шегі өзгеретінін мәлім еткен болатын. Дегенмен бұл шешім қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Мәселеге президент араласып, жеткіліктілік шегі өзгерту мерзімі сәуір айына дейін созылды. 

2022 жылы жеткіліктілік шегі қалай өзгеретінін мына сілтеме арқылы көруге болады. 

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап полицейлердің формасы өзгереді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Оның сөзінше, полицейлердің барлығын толығымен жаңа формамен киіндіріп шығуға екі жылға жуық уақыт кетпек. 

Айта кетсек, полиция қызметкерлерінің аяқ киімі алғаш рет өзгертілді. Енді олар кросовка киетін болады. 

2022 жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыру төлемінің құны өспек. Бұл өсім басқа көрсеткіштер сияқты, ең төменгі жалақы мен айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты. Есептеулерге сүйенсек, жалдамалы қызметкер үшін жұмыс беруші оның жалақысының 3%-ын төлейді, бірақ ол 18 000 теңгеден аспайды. Жұмыскерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер өздері үшін табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде төлейтін болады. Жеке кәсіпкерлер және өз бетінше жұмыс істейтін тұлғалар 4 200 теңге белгіленген сомасын төлейді.

Жаңа жылдан бастап елімізде шетелдік вакциналарды салғызу ақылы болады. Бұл туралы брифингте бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. 

“Біз өз вакцинамызды шығара аламыз. Оның клиникалық тиімділігі дәлелденген. Ол вакцинаны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алатын боламыз. Бірақ басқа вакциналар тұмау мен басқа да екпелер сияқты коммерциялық айналымда болады. Адамдар ол вакциналарды ақылы түрде салдыра алады", – деді Цой.

Бір айта кетерлігі, экс-министр ақылы вакцинаны қашаннан бастап алуға болатынын және оны бағасы қанша екенін жарияламады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста