Астанада ертең күннің суытуына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"2022 жылғы 7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады", делінген Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" хабарламасында.