Нұр-Сұлтанда іш киіммен көлік төбесіне шыққан ер адам жазаланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жартылай жалаңаш жігіт түскен ролик Instagram-дағы @kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. Кадрларда түнгі Нұр-Сұлтан көрісі. Алдымен ер адам жүріп келе жатқан көліктің төбесінде отырады, содан кейін үстіне шығып тұрады.
Бірнеше уақыттан кейін көлікті патруль нарядты тоқтатады.
"Коронавирус миыңда болса", - деген жазба авторы.
Оқиғаны Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді.
"Елордалық полицейлер 24 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамады. Оған қоса, уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және сақтандыру полисі болмаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Жүргізуші әкімшілік кодекстің 5-бабы бойынша жалпы сомасы 125 010 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Көлік шатырында жүргізушінің 24 жастағы досы болған. Оған ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жалпы сомасы 9 723 теңге айыппұл салынды.