Еліміздің жаңа картасы дайындалды

Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты еліміздің жаңа картасы әзірленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаңа картаның жұмысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов таныстырды.

«Былтыр Президенттің Жарлығымен үш жаңа облыс – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осыған орай, Үкімет іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Ондағы тармақтардың бірі – Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа облыстардың тақырыптық картасын өзектендіру болды»,  – деді Әсет Тұрысов.

Оның айтуынша, министрлік қызметкерлері үлкен жұмыс атқарып, 1:1 500 000 масштабымен Қазақстанның әкімшілік-саяси картасын жасап шығарды.

«Сондай-ақ Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының картасы жаңартылды және 1 млн масштабпен Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының карталары әзірленді. Бұған қоса, 1:25 000 масштабпен Қарағанды, Семей, Өскемен, ал 1:10 000 масштабпен Қонаев, Жезқазған, Талдықорған қалаларының жоспар-сызбасы жаңартылды және жасалды», – деді ол.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста