Еліміздің он өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 3 сәуір күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысының шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, батыста, солтүстік пен шығыста екпіні 23 м/с артады.

 

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде күші 15 м/с артады.

 

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, өңірдің батысында, оңтүстік-шығысында күші 23 м/с жетеді.

 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болжанады.

 

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, батыста екпіні 15-20 м/с артады.

 

Күндіз 3 сәуірде, тәулік бойы 4-5 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

 

Алматы облысында жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында 3-4 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

 

Сондай-ақ 3-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы мен одан әрі жоғарылауына байланысты өзен бассейндерінде қардың еруі қарқын алады.

 

Сол себепті еріген қар ағынының қалыптасуы, өзендерде мұздың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста