Еліміздің 14 өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

10 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, екпіні - 25 м/с. 10 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с асады.

10 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с жетеді.

10-11 мамырда Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы мен Жетісу Алатауында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл тұрады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде 15-20, 11 мамырда екпіні 25 м/с жетеді.

10 мамырда Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

10 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

10 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 23-28 м/с. Қостанай қаласында 10 мамырда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с асады.

10 мамырда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 10 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда, түнде 11 мамырда оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 10-12 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10-12 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 мамырда екпіні 23 м/с жетеді.

10 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Күндіз 10 мамырда Павлодар облысының басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 10 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта күн күркірейді, дауыл тұрады, таулы аудандарда - бұршақ. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші - 17-22, тау асуларында - 25 м/с.

Шымкент қаласында 10 мамырда таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, дауыл турады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.

10 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні - 20 м/с.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста